«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанда SES бағдарламасын таныстыру семинары өтті

2025 жылғы 18 Қараша
- Түркістан облысы
112 просмотров

Бүгін Түркістанда Германияның «Аға сеньорлар қызметі» (Senior Experten Service, SES) бағдарламасын таныстыруға арналған ақпараттық семинар өтті.

Семинар барысында Қазақстандағы SES бағдарламасының ресми өкілі Светлана Громова бағдарламаның мақсатын, мүмкіндіктерін және кәсіпорындарға ұсынылатын қолдау түрлерін жан-жақты түсіндірді. 

SES бағдарламасы - кәсіпорындарға тәжірибелі неміс сарапшыларын жіберу арқылы өндірісті жетілдіру және басқару сапасын арттыруға көмектесетін халықаралық жоба.

Қатысушылар семинар барысында кәсіпорындардағы негізгі мәселелерді анықтау әдістерімен танысып, еуропалық тәжірибелерді өз өндірісінде қолдану жолдарын үйренді. Сонымен қатар, өз кәсіпорнына германиялық сарапшыны тегін шақыру тәртібі мен кемінде бір айлық оқыту бағдарламаларының артықшылықтары туралы ақпарат алды.

Бағдарламаның басты артықшылықтары: сарапшының қызмет ақысы мен жол шығындары Германия қоры тарапынан толық қаржыландырылады, ал кәсіпкер тек сарапшының тұруы мен тәуліктік шығындарын қамтамасыз етеді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174