«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

7 млн теңгелік сыйлық: павлодарлық компанияны жеңісімен құттықтаймыз!

2025 жылғы 01 Желтоқсан
- Павлодар облысы
80 просмотров

Павлодарлық «ЭкоДом-Павлодар» ЖШС ұлттық «KazBrand» реалити-байқауының жеңімпазы атанды. Бас жүлде – құны жеті миллион теңге болатын франшиза пакеті және компания қызметін бір жылдық қолдау!

«KazBrand» – бұл бизнесті, батылдықты және брендке айналатын идеяларды насихаттайтын ірі жоба. Бұл республикалық байқаудың ұйымдастырушысы – Орталық Азия Франчайзинг Қауымдастығы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Respublica» партиясының қолдауымен. «ЭкоДом-Павлодар» ЖШС директоры Марина Рейдина жеңіс қуанышымен және алған әсерімен бөлісу үшін Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасына келді.

«Байқау үлкен қызығушылық тудырды: оған 1100 қатысушы тіркелді, олардың 330-ы алдын ала іріктеуден өтті, ал финалға 33 үздік кәсіпкер таңдалды. Олар – франчайзинг арқылы өз бизнесін кеңейтуді мақсат еткен еліміздің әр өңірінің өкілдері», – деді Марина Рейдина.

Айта кетейік, «ЭкоДом-Павлодар» ЖШС – Кәсіпкерлер палатасының «Бір ауыл – бір өнім – 2024» өңірлік конкурс-көрмесінің финалистерінің бірі. «KazBrand» байқауының қазылар алқасына белгілі кәсіпкерлер, салалық сарапшылар, депутаттар және мемлекеттік ұйымдардың өкілдері кірді. Қазылар алқасына «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов төрағалық етті. Белгілі болғандай, Қазақстанда 2,3 миллионнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді, олардың шамамен 30 мыңға жуығы франшиза бойынша қызмет атқарады. Жеңімпаз төрт кәсіпкерге құны жеті миллион теңгеден басталатын толық дайын франшиза әзірлеу, бір жылдық сүйемелдеу, даму стратегиясы, франшизаны сатуға қолдау, маркетингтік және заңгерлік көмек көрсетіледі. Финалистер Астанада «Өндіріс», «Ритейл», «Қызмет көрсету саласы» және «Қоғамдық тамақтандыру» санаттары бойынша өз жобаларын таныстырды.

«Қазақстандағы үздік бизнес-идеяларды көрсетуге және тәжірибе алмасуға арналған бірегей платформа болып табылатын бұл реалити-байқау жобаның жеңімпазы атанған павлодарлық «ЭкоДом-Павлодар» компаниясының дамуына серпін беріп, өңіріміздің басқа кәсіпкерлері үшін де жетілдіруге ынталандыру болсын», – дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174