«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақмола облысында бизнесмендермен өткен кездесуде ҚАЖ мекемелерінде өндіріс ұйымдастыру мәселесі талқыланды

2025 жылғы 03 Желтоқсан
- Ақмола облысы
211 просмотров

Ақмола облысының бизнес-қоғамдастығымен өткен кездесуде Мемлекет басшысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қаралды. Іс-шараға қала құраушы кәсіпорындардың, орта және ірі бизнес өкілдері, өндірістік компаниялар, Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы, қылмыстық-атқару жүйесі және «Еңбек» РМК өкілдері қатысты.

Іс-шараны ашқан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова ҚАЖ мекемелерінде өндіріс ұйымдастырудың тиімді ынтымақтастыққа жол ашатынын және оң нәтижелер беретінін атап өтті.

«Құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өндірісті кеңейтуге кәсіпкерлерді белсенді тарту арқылы сотталғандардың еңбекпен қамтылуын арттыру және жеке бизнеспен өзара іс-қимыл аясында пенитенциарлық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын іске асыру міндеттерін қойды», — деді әкімнің орынбасары.

Кеңес барысында Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Расул Сыздыков және Кәсіпкерлер палатасы жанындағы құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ салалық кеңесінің төрағасы Мұхтар Есенов сөз сөйледі. Спикерлер бірлесіп іске асыруға болатын перспективалы бағыттарды атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар нақты жобаларды талқылауды жалғастырып, сотталғандардың еңбекпен қамтылуын арттыруға және ҚАЖ мекемелерінің өндірістік қуаттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін тетіктерді бірлесіп пысықтауға уағдаласты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174