«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қытайлық инвесторлар Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасында: энергетика саласындағы жаңа мүмкіндіктер талқыланды

2025 жылғы 08 Желтоқсан
- Түркістан облысы
119 просмотров

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында Hainan Eight Star International Investment Co., LTD компаниясының өкілдері – компанияның иесі және бас директоры Мехродж Набиев пен серіктес Зара Казбекова Палата директоры Асылан Ибадуллаевпен ресми кездесу өткізді.

Кездесу барысында компания өкілдері Қазақстан аумағында жүзеге асыруға дайын инвестициялық жобалар портфелін таныстырды. Hainan Eight Star International Investment Co., LTD – Қытай Халық Республикасында және халықаралық құқықтық алаңда жұмыс істейтін, «Бір белдеу – бір жол» бастамасына қатысушы ірі инвестициялық ұйым. Компанияның негізгі бағыты – энергетика, өнеркәсіп, инфрақұрылым және сыртқы экономикалық ынтымақтастық.
Компания өкілдері Қазақстанның географиялық орны, транзиттік әлеуеті және еңбек ресурстарының жеткіліктілігі инвесторлар үшін аса тиімді екенін атап өтті. Сонымен қатар, қытайлық және халықаралық корпорациялармен стратегиялық серіктестік орнату арқылы жобаларды кезең-кезеңімен іске асыруға дайын екендерін мәлімдеді.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев өңірдегі энергия тапшылығы мәселесін шешу, өндірістік инфрақұрылым сапасын арттыру және инвестициялық климатты жақсарту бағытында мұндай ұсыныстардың маңыздылығын атап өтті.

Ол Палата инвесторлармен жүйелі ынтымақтастыққа, сондай-ақ өңірде жұмыс істегісі келетін компанияларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174