«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП Төралқасының Машина жасау және металл өңдеу комитетінің төрағасы сайланды

2025 жылғы 18 Желтоқсан
794 просмотров

Бүгін «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы Машина жасау және металл өңдеу комитетінің қорытынды отырысы өтті. Жиын Комитет төрағасы Пшембаев Мейрам Құдайбергенұлының төрағалығымен ұйымдастырылды.

Отырыс барысында Комитеттің Жұмыс органы – Өңдеу өнеркәсібі департаменті 2025 жылға арналған Машина жасау және металл өңдеу комитетінің жұмыс жоспарының орындалу қорытындылары туралы ақпарат ұсынды.

Комитет хатшысы, Өңдеу өнеркәсібі департаментінің директоры – басқарушы директоры Алмат Асқар өз сөзінде 2025 жылы Комитет қызметінің негізгі бағыттары мен өзекті мәселелерін атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан машина жасаушылар одағының 2025 жылғы қызметі туралы есеп тыңдалды.

Пшембаев Мейрам Құдайбергенұлының жеке бастамасы бойынша 2025 жылғы 19 желтоқсаннан бастап Комитет төрағасы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататыны туралы хабарламасына байланысты, отырыста Комитеттің жаңа төрағасын сайлау мәселесі қаралды.

Машина жасау және металл өңдеу саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен Комитет төрағасы қызметіндегі көпжылдық жемісті еңбегі үшін «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Баталов Райымбек Әнуарұлының атынан Пшембаев Мейрам Құдайбергенұлына алғыс хат табысталды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы Машина жасау және металл өңдеу комитетінің жаңа төрағасы болып Қазақстан машина жасаушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Мақанов Ерқанат Қазкенұлы сайланды.

Ерқанат Қазкенұлының машина жасау саласында 12 жылдан астам еңбек өтілі бар. 2013–2015 жылдары «Атамекен» ҰКП жанындағы Машина жасау хатшылығында жұмыс істеген. 2017 жылдан бері Қазақстан машина жасаушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174