Түркістанда үздіктерді анықтайтын «qayda премия» салтанатты кеші өтті
Түркістан қаласында туризм мен қызмет көрсету саласындағы үздіктерді анықтауға арналған дәстүрлі «Qayda Премия by Tourism Awards» салтанатты кеші өтті. Іс-шара өңірдегі сапалы қызмет көрсетіп жүрген үздік нысандар мен кәсіп иелерін бір алаңға тоғыстырды.
Кештің басты мақсаты – туризм, қонақжайлылық және қызмет көрсету салаларында бәсекелестікті арттырып, сапаға басымдық беретін кәсіпкерлерді қолдау. Жеңімпаздар тұрғындардың алдын ала өткізілген онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша анықталды.
.jpeg)
Салтанатты шараға Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев қатысып, марапат иелерін құттықтады. Ол өз сөзінде биылғы жыл кәсіпкерлер үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.
«Биыл елімізде алғаш рет Кәсіпкерлер күні ресми түрде аталып өтуде. Бұл бастама бизнестің дамуына серпін беріп, кәсіпкерлердің жауапкершілігі мен қызмет сапасына қойылатын талапты арттырады.
Бүгін қасиетті Түркістан төрінде ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген үздік кәсіпкерлерді марапаттауға жиналдық. QAIDA Premiya - бұл жай ғана марапат емес, өңірдің өркендеуіне үлес қосып жүрген, сапа мен жауапкершілікті таңдаған жандарға берілетін жоғары баға.
Осы орайда Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге идеядан нақты іске дейін жан-жақты қолдау көрсететін сенімді серіктес болып қала береді. Бүгінгі марапат иелерін құттықтаймын, баршаңызға табыс тілеймін».

Кеш барысында жыл қорытындыланып, түрлі номинациялар бойынша үздік деп танылған орындар мен қызмет көрсету саласының өкілдеріне арнайы марапаттар табысталды. Жеңімпаздар өз жетістіктерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Шараны ұйымдастырушы Vendo Group өкілдерінің айтуынша, дауыс беру жүйесінің ашықтығы қатысушылардың белсенділігін арттырып, қызмет сапасының жақсаруына ықпал еткен. Соның нәтижесінде көптеген кәсіпкерлер тұтынушылар үшін тиімді жеңілдіктер мен жаңа ұсыныстар енгізе бастаған.
Дәстүрлі түрде екінші рет ұйымдастырылған салтанатты кешке 400-ге жуық қонақ қатысты. Кештің хедлайнерлері ретінде танымал өнер жұлдыздары Баян-Сұлу мен Бонапарт өнер көрсетті.
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)



Пікір қалдыру:
Пікірлер: