«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кедергісіз шекара: Мәртөк ауданында бизнес пен мемлекет шешім іздеуде

2025 жылғы 24 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
881 просмотров

Формалдылықтың орнына ашық диалог, жалпы декларациялардың орнына нақты ұсыныстар — Мәртөк ауданында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті. Негізгі назар «Жайсан» халықаралық өткізу пунктіндегі бизнес мәселелеріне, әкімшілік қысымды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған жүйелі шараларға аударылды.

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы Мәртөк ауданында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізді. Кездесу орны ретінде «Зәру» пантошипажайы таңдалды — бұл шешім кездейсоқ емес. Дәстүрлі кабинеттерден тыс, бейресми жағдайда қатысушылар кәсіпкерлер үшін аса өзекті тақырыптардың бірі — «Жайсан» халықаралық автомобиль өткізу пунктінің жұмысын жан-жақты талқылауға мүмкіндік алды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Ақтөбе облысы халықаралық тасымалдаушылар қауымдастығы төрағасының өтініші болды. Бизнес өкілдері шекарадағы ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауды орналастырудың қолданыстағы схемасындағы проблемаларды атап өтіп, нақты шешім — «бір терезе» қағидатын енгізуді ұсынды. Тасымалдаушылардың пікірінше, барлық бақылаушы қызметтерді бір желіде және шекаралық өткізу пункті бөлімшелерімен бір аумақта орналастыру рәсімдерден өту уақытын едәуір қысқартуға, әкімшілік жүктемені азайтуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша төмендетуге мүмкіндік береді. Талқылау барысында бақылаушы органдардың кәсіпкерлер мүддесі үшін жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған өзге де практикалық ұсыныстар айтылды.

Маңыздысы — уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан мәселенің өзектілігі мен батыл шешімдер қабылдау қажеттілігі, оның ішінде республикалық деңгейде заңнамаға ықтимал өзгерістер енгізу қажеттігі түсіністікпен қабылданды. Сонымен қатар, мәселені өңірлік деңгейде де шешу тетіктерін хаттамалық түрде пысықтау жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Мәртөк ауданының әкімі Медет Искаков бүгінгі күннің басым міндеті — «Жайсан» шекаралық өткізу пунктінде жинақтаушы алаңның құрылысын жеделдету екенін атап өтті. Құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін отырысқа қатысушылар тасымалдаушыларды барлық қозғалыс учаскелерінде жедел «қолмен басқару» тетігін қолдана отырып сүйемелдеуді жалғастырудың орынды екені жөнінде ортақ пікірге келді.

Талқылау қорытындысы бойынша Кеңес бірқатар ұсынымдар әзірледі. Олардың қатарында «Жайсан» ХӨТП-де ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауды орналастыру мәселесін республикалық деңгейде қарау, бақылау функцияларын өткізу пунктінің аумағына интеграциялау бойынша ведомствоаралық пысықтауды бастамалау, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын ескере отырып ұйымдастырушылық және инфрақұрылымдық шешімдерді келісу бар. Уәкілетті бақылау-қадағалау органдарына ведомствоаралық жұмысқа белсенді қатысу және қолданыстағы бақылау жүйесі туралы ақпарат ұсыну ұсынылды. Кәсіпкерлер палатасы мен Тасымалдаушылар қауымдастығына бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы диалогты үйлестіру, кәсіпкерлер қауымдастығының ұсыныстарын жинақтау тапсырылды, ал ҚР АШМ аумақтық инспекцияларына барлық мүдделі тараптардың қатысуымен ведомствоаралық пысықтауды ұйымдастыру жүктелді.

Отырыстың жеке блогы экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және кәсіпкерлікті қорғау тетіктеріне арналды. Кеңес мүшелері Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тарапынан экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың қолданыстағы құралдары және кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғауға бағытталған шаралар туралы хабардар етілді.

Осы бағыт аясында Кеңес ЭТД-ге бірқатар ұсынымдар әзірледі, оның ішінде «Бизнес қорғау» жобасын превентивтік шараларға басымдық бере отырып дамыту, негізсіз қылмыстық қудалауды болдырмау және шағын және орта бизнес субъектілерін тартуды барынша азайту, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға күшті шоғырландыру, сондай-ақ салықтарды даулаған немесе ерікті түрде төлеген жағдайда заңнама нормаларын бірізді қолдануды қамтамасыз ету бар. Кәсіпкерлер палатасына ДЭР-мен жүйелі өзара іс-қимыл орнату, кәсіпкерлерді қолданыстағы шаралар мен заңнама нормалары туралы ақпараттандыру, сондай-ақ анықталған бұзушылықтар бойынша жинақталған деректерді ұсыну ұсынылды. Тараптарға бірлесіп үйлестіру тетігін құру, кәсіпкерлердің өтініштерін талдау және құқық қолдану практикасы бойынша келісілген ұсыныстар әзірлеу ұсынылды.

Талқылаудың қорытындысы ретінде Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті арасындағы 2026 жылға арналған өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Құжатқа Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов пен ЭТД басшысы Қуат Әбдіханов қол қойды. Жоспар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл, бизнестің қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ бірлескен талдамалық, түсіндіру және профилактикалық іс-шараларды өткізуді қамтиды.

Отырысты қорытындылай келе, Кәсіпкерлер палатасының директоры «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлейменовтің атынан, сондай-ақ өз атынан Кеңестің бірқатар мүшелеріне белсенді ұстанымы мен бизнес мүдделерін қорғауға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыстады. Алғыс хаттармен марапатталғандар: Улан Қозыбақов — Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы; Құндыз Сеитбаттал — ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары; Нұрхан Ағниязов — еңбек ардагері; Алмас Салықбаев — Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары. Сондай-ақ Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасының директорының алғыс хаттарымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелерін ақпараттық сүйемелдеу мен жария етуге қосқан үлесі үшін журналист Владимир Бурьянов және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Нұрболат Махмутов марапатталды.

Жеке алғыс сөздері «Зару» пантолечебницасының басшысы Бану Тлегеноваға — кездесуге алаң ұсынғаны және кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін айтылды. Кеңес мүшелері компания ұжымын Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына арналған байқаудағы жеңісімен де құттықтады. Сапар аясында отырысқа қатысушылар емдеу орнының қызметімен танысып, марал шаруашылығы мен зертхананы аралады — бұл бизнестің, сапаның және әлеуметтік жауапкершіліктің тәжірибеде қалай табысты ұштасатынының айқын үлгісі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174