«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сания Ирсалиева Саларалық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы қызметіне қайта сайланды

2026 жылғы 15 Қаңтар
- Астана қаласы
1126 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында Іскер әйелдер арасындағы салааралық кеңестің отырысы өтті. Отырыс барысында 2025 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды.

Атқарылған жұмыстар туралы есеппен Кеңес төрайымы Сания Ирсалиева сөз сөйледі. Ол 2025 жылға арналған сайлауалды бағдарламаның барлық тармақтары толық көлемде орындалғанын атап өтті. Жыл бойы Кеңес әйелдер кәсіпкерлігі институтын нығайту, бизнестегі әйелдердің мүдделерін ілгерілету және мемлекеттік органдармен сындарлы диалогты дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізді.

Отырыс аясында 2026 жылға арналған сайлауалды бағдарлама таныстырылды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – кәсіпкерліктің дамуына ықпал ете алатын, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыратын және әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде мемлекеттің серіктесі бола алатын іскер әйелдердің мықты әрі біртұтас қауымдастығын қалыптастыру.

2026 жылға арналған Кеңес жұмысының басым бағыттары ретінде әйелдердің экономика мен бизнестегі мүдделерін жүйелі түрде ілгерілету, кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын жеңілдетуге бағытталған заңнамалық және нормативтік-құқықтық өзгерістерді бастамалау және қолдау, сондай-ақ мемлекеттік органдармен стратегиялық әріптестікті дамыту белгіленді. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге белсенді қатысу, әкімшілік және құқықтық кедергілерге мониторинг жүргізу, сондай-ақ іскер әйелдер қауымдастығының ұстанымын негізгі сараптамалық және диалог алаңдарында ұсыну жоспарлануда.

Сонымен қатар кәсіпкер әйелдердің экономикалық және құқықтық сауаттылығын арттыруға, цифрлық құзыреттерін дамытуға, бизнесті автоматтандыру және ауқымын кеңейту құралдарын енгізуге, сондай-ақ әйелдер көшбасшылығын, тұлғалық және кәсіби дамуды қалыптастыру мен қолдауға ерекше назар аударылады.

Талқылау қорытындысымен Саларалық іскер әйелдер кеңесінің мүшелері Сания Ирсалиеваны Кеңес төрайымы қызметіне бірауыздан қайта сайлау туралы шешім қабылдады.

Отырыс барысында 2025 жылғы Өңірлік кеңестің делегатталған мүшелерінің қызметі туралы ақпарат ұсынылды. Бұл жөнінде Өңірлік кеңес мүшесі Гүлнара Балахметова баяндап, Саларалық іскер әйелдер кеңесінің Өңірлік кеңес жұмысына қатысуы, негізгі мәселелерді талқылаудағы рөлі және өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарына тоқталды.

Сондай-ақ Гүлнара Балахметова алдағы жылға арналған жоспарларды таныстырды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында бастамаларды іске асыру, әйел кәсіпкерлердің цифрлық және жасанды интеллект құзыреттерін дамытуға басымдық беру көзделген. Бұдан бөлек, Technowomen ұйымымен меморандумға қол қоюды қоса алғанда, серіктестік жобаларды жүзеге асыру, салық заңнамасындағы өзгерістерді талқылауға арналған іс-шаралар өткізу және бизнес пен мемлекет арасындағы диалогты одан әрі дамыту жоспарланып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174