«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысының «Атамекен» палатасы кәсіпкерге жалға алған жерін сақтап қалуға көмектесті

2026 жылғы 21 Қаңтар
- Павлодар облысы
1113 просмотров

Тереңкөл ауданындағы «Альтаир» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 2025 жылдың қыркүйек айында жалға алған жер учаскесінен айырылып қала жаздады. Бұл мәселені шешуге Кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсетті.

«Альтаир» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы Альтаир Саурбаев Павлодар облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына хат жолдады. Оның айтуынша, кооперативке өткен күзде Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімінің жер инспекциясы жүргізген тексеру нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін жалға алу шартын бұзу туралы хабарлама келген.

«Мен, «Альтаир» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы ретінде, осы мәселені шешуге жәрдем көрсету үшін Тереңкөл ауданының Кәсіпкерлер палатасының филиалына жүгіндім. Тереңкөл ауданындағы “Атамекен” өңірлік кәсіпкерлер палатасының және Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының қолдауының арқасында жалдау шартын бұзу туралы материалдар қолданыстағы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен қайта өңдеушілердің жер пайдалану құқығын жалғастыру мәселесін реттеу жөніндегі арнайы комиссияның қарауына жіберілді. Аталған комиссия салықтардың төленуін, инвестициялардың тартылуын және тиісті ауылдық аумақтардың дамуын қамтамасыз ететін субъектілер үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін алып қоймау мәселесін қарастырды», – деп түсіндірді кооператив басшысы.

Оның айтуынша, мәселе оң шешімін тауып, жер учаскесі «Альтаир» АШӨК-нің жер пайдалануында қалды. Альтаир Саурбаев көрсетілген көмек үшін Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасына және оның директоры Ерқанат Әбеновке шынайы алғысын білдіріп, алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастық жалғасады деген үмітін жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174