«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының материалдарын бағалайтын сарапшыларға арналған семинар өтті

2018 жылғы 16 Тамыз
9267 просмотров

«Атамекен» алаңында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иелену және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысушылардың материалдарын бағалайтын сарапшылық топқа арналған оқыту семинары ұйымдастырылды

Семинарда материалдарды бағалау әдістемесінің өзгерістері, байқауға қатысатын заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлер қызметінің мүмкіндігі мен қызмет нәтижесін сипаттайтын белгілер, жүмыс кестесі мен сарапшыларға қойылатын талаптар, жергілікті жерде бағалау тәртібі түсіндірілді.

«Алтын сапа» сыйлығы Еуропалық сапаны басқару қоры (EFQM) іскерлік жетілдіру үлгісіне негізделген. Құрылған сәттен бастап, үлгі әрдайым қайта қаралып, жаңартылған. EFQM соңғы өзгерісі 2013 жылы орын алды.

Биыл «Алтын сапа» байқауына қатысушы ұйымдарды бағалау әдістемесіне өзгерістер енді. Атап айтқанда «Алтын сапа» сыйлығының үлгісі EFQM-2013 үлгісіне сәйкестендірілді, финалға өткен мекемелерді барып тексеру, баға беру қолға алынады, сондай-ақ жаңа аталым енгізілді.

2018 жылдан бастап «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауында да өзгеріс бар. Қатысушылар онлайн-дауыс беру арқылы бағаланады. Республикалық байқау 2018 жылы 12-13 қазанда Астанадағы «Көрме» орталығында өтеді. Одан кейін қалың көпшілік 15-25 қазан аралығында финалға өткен 27 кәсіпорынға  www.altynsapa.kz сайтында онлайн-дауыс береді.

Анықтама:

«Атамекен» ҚР ҰКП ­– 2015 жылдан бастап аталған байқауларды өткізетін оператор. «Алтын сапа» сыйлығы – ең алдымен, сапа мен мекеменің жетістігін мойындаудың дәлелеі. ҚР Мемлекет басшысының Жарлығымен 2006 жылы бекітілді және еуропалық сапа сыйлығының стандарына сай. Бизнес-қоғамдастық үшін сыйлық иелену байқауына қатысу – ресурстарды зерделеу, бәсекелестерді тану, тәжірибе алмасу және жаңашылдықты игеру мүмкіндігі. Ең басты мақсат – тауар мен қызметтің сапасын арттыру. Кез келген сыйлық секілді «Алтын сапа» да – эталонды тестілеудің қуатты құралы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер