«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«ALTYN OIMAQ» финалистері: Эльмира Битөреевадан кәсіпке деген ерекше көзқарас

2019 жылғы 29 Шілде
9835 просмотров

Байқаудың «Іскерлік киім» аталымы бойынша финалисі Эльмира Битөрееваның пікрінше, байқауға қатысу – өз шығармашылығың жайында көпшілікке жар салу мүмкіндігі.

«Бала кезімнен сурет салуды және қолдан бұйым жасауды жақсы көремін. Еңбек – мектептегі сүйікті пәнім болды, дизайнер болуды қатты армандадым, бірақ мектепті бітірген соң «халықаралық құқық» факультетіне түсіп, келешегімде таңдау көп болғанын қаладым», – дейді Эльмира.

Алайда мамандығы бойынша жарты жыл оқып, Эльмира сүйікті ісімен ғана айналысқысы келетінін түсінді. Арманын орындау үшін Эльмира Битөреева «киім дизайнері» мамандығын игеру мақсатында Малайзияға аттанды.  

«Сән индустриясын елімде ілгерілеткім келеді. Өзімнің жеке брендімді Отанымда ашамын, сондықтан Қазақстанға оралдым. Менің ерекшелігім неде? Жауап беру қиын. Анамнан сұрадым, анам: «Кенеттілік және түрлілік» деп жауап берді, ал жолдасым: «Іске деген ерекше көзқарас» деп айтты», – деп бөлісті Эльмира Битөреева.

 Киім үлгілерінен бөлек дизайнер әшекейлерді де жасайды.

 «Кәсіпті енді бастаған дизайнер болғандықтан өз идеяларымды үйде жүзеге асырамын, киімді де үйде тігемін. Қазіргі таңда проблемалар жоқ, алайда келешекте көлем ұлғайып, кәсібімді масштабтауда қаржыландыру және бизнес-процестерді ұйымдастыруда мәселе туындайтынын білем», – деді Эльмира Битөреева.

 «ALTYN OIMAQ» киім диза нерлерінің ұлттық байқауына қатысуға дизайнерге өзі жайында, өзінің шығармашылығы жайында айту, сондай-ақ кәсіпті дөңгелетуге қажет қаржылай жүлде алу мүмкіндігі мотивация болды.

 «Жүрегің қалаған іспен айналысу қажет. Арманым – өз сүйікті ісімен айналысатын бақытты ана, жар болу. Мақсатым – ары қарай шығармашылықпен айналысып, даму», – деп атап өтті дизайнер.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер