«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мәміле іздеу жолында

2015 жылғы 27 Мамыр
- Ақтөбе облысы
15499 просмотров

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының Алға ауданындағы филиалына кәсіпкер Әлия Гатауова даулы мәселені шешуге көмек сұрап, жүгінді. 

Бизнесвумен 2014 жылғы қазан айында «Бизнес Инкубатор» қоғамдық қорымен шарт жасасып, одан 68,1 шаршы метр ауданды алатын жайды жалға алады, ал шартқа сәйкес, оның сұлулық салоны мен такси қызметі 123 шаршы метр жерде орналасқан екен.

«Жайды жалға алмастан бұрын, ол өз қаражатына ғимараттың жылыту жүйесі мен газ қазандығына күрделі жөндеу жүргізеді. Осы мақсатта жұмсаған 900 мың теңгені жалға беруші өзара есеп айырысумен қайтаруға тиіс болған, және де ай сайын ол жалдау құнының 30 пайызын ғана төлеуге тиіс болады», - деп істің қыр-сырын жеткізді филиал директоры Айболат Мәнепов.

Шарт талаптары сақталмайды да, 2015 жылғы ақпан айында кәсіпкер «Бизнес Инкубатор» ҚҚ басшысынан жалдау төлемінің 100 пайызын төлеу қажеттігі туралы хабарлама алады. Керісінше жағдайда жалдау шартын бұзу күтіп тұрған еді. Әлия Гатауова түйткілді өз бетінше шешуге талпынады. Алайда еш нәтиже шықпай, ол ҰКП филиалына келеді.

«Біз өз кезегімізде оған көмек көрсетіп, барлық түйткілін шешіп бердік. Іс жүзіндегі 68,1 шаршы метр жалдау алаңы көрсетілген жаңа шарт жасалды, ал жөндеуге жұмсаған қаражат «Бизнес-Инкубатор» ҚҚ жалдау төлемі ретінде ұстайтын болады», - деп қорытты Айболат Мәнепов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер