«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Істі кеңейту қиын емес

2015 жылғы 10 Тамыз
- Ақтөбе облысы
9576 просмотров

Қобда аудандық КҚО ауылдық кәсіпкердің бизнесін кеңейтуге көмектесті

Жеке кәсіпкер Рәзия Ғалиева екі жыл бұрын Қобда ауданындағы туған ауылы Қобдада шағын ателье ашады. «Аз ғана жиған-тергенім бар еді, содан, 2013 жылы жеке ісімді бастадым. Осы уақыт ішінде клиенттік база жасақталды, тұрақты клиенттер пайда болды. Кеңею қажет болды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша кредит алуға шешім қабылдадым. Осы қаражатқа тігін машиналарын сатып алумен бірге, ательемнің айналымдық капиталын толтыруға болушы еді», - дейді кәсіпкер.

Кәсіпкер Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы филиалының жанынан 2014 жылы ашылған Кәсіпкерлікті қолдау орталығына жүгінеді. КҚО консультанттары аталье иесіне сай бағдарлама бойынша консультация береді. Ол үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Кәсіпкер» бағдарламасына қатысудың оңтайлырақ боларын айтады. Қажет құжаттар пакетін жинауға көмектеседі.  

«Барлық құжаттарды тапсырдым және көп өтпей кредит комитетінің менің өтінімімді қарағанынан кейін, 800 мың теңге мөлшерінде қарыз алдым. Осы қаражатқа тағы бір машина сатып алдым, перделер сұрыпталымын толықтырдым, фурнитура сатып алдым. Биыл еліміздің барлық аудандарында пайда болған осындай Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының арқасында көптеген ауылдықтар жеке бизнес бастауға және әрекет етіп тұрғанын кеңейтуге мүмкіндік алды», - деп қорытты Рәзия Ғалиева. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер