«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бизнес-өсіммен» бірге өсеміз

2015 жылғы 18 Тамыз
- Ақтөбе облысы
9515 просмотров

Екі жарым ай ішінде Ақтөбе облысының 809 тұрғыны екі күндік «Бизнес-Кеңесші» тренингтерінен өтті. Енді оларды екінші кезең күтіп тұр.

Осы жылдың басынан бері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қолдаудың бейқаржылық шаралары» 4 бағытының аясында «Бизнес-мектеп» кешенін жүзеге асыруда.

«Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы аталмыш компоненттің алғашқы кезеңін ойдағыдай аяқтады. «Бизнес-Кеңесші»  жобасы осы кезең аясында жүзеге асырылған болатын. Оқыту екі күндік тренингтер форматында жүргізілді. 2015 жылғы 12 мамыр мен 31 шілде аралығында 23 тренинг өткізілді: 809 адам оқыды, соның ішінде, Ақтөбеде – 277 адам, аудан орталықтары мен моноқалада – 532 адам», - деп хабарлады өңірлік Кәсіпкерлер палатасының сервистік қолдау бөлімінің бастығы Ержан Нұрғалиев.

«Бизнес-Кеңесші» жобасы тыңдаушылары арасында жасалған мониторинг нәтижелеріне сәйкес 234 адам (29%) жеке бизнес ашып, бизнестерін кеңейткен, оның ішінде 55 адам жалпы сомасы 100,5 млн теңгеге қаржы институттарынан қолдау алған, 76 адам ауыл шаруашылығы, сауда, жүк тасымалы, өндіріс және т.б. салаларда қызметтің жаңа түрлерін меңгерді.

103 адам әрекеттегі бизнесін кеңейтті (жаңа жұмыс орындарын құрды, клиенттік базасын ұлғайтты). Оқудан өткендер арасынан 153 адам (19%) қаржыландыру алып, істерін кеңейтуге құжаттар тапсырды, 313 адам (39%) заңнамадағы өзгерістер бойынша жаңа білім, ақпарат алу үшін оқудан өтті және келесі жылы бизнес ашуды жоспарлап отыр.

«Бизнес-мектеп» компонентінің аясындағы оқытудың келесі кезеңі кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімді «Бизнес-Өсім» оқуы және тәлімгерлік қағидаттарын қолданумен жобалық оқыту болып табылады. Оған «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстан өткені туралы сертификаты бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. «Бизнес-Өсім» жобасы бойынша оқыту екі-бес күн аралығында, жобалық оқыту үш аптада жүзеге асырылады», - деп қорытты Ержан Нұрғалиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер