«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бұрынғы баға қайтарылды

2015 жылғы 15 Қыркүйек
- Ақтөбе облысы
10066 просмотров

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы еліміздегі жалғыз жарылыс заттар шағарушысының өндірісті тоқтатуына жол бермеді

Қазақстандағы тротил құрамдас жарылғыш заттар өндіретін жалғыз кәсіпорын «ҚазЦКУБ «Нитрохим» Қазақстандық оқ-дәріні кешенді кәдеге жарату орталығы» ЖШС Ақтөбе қаласы Алға қаласында 2000 жылдан бері қызмет етіп келеді. Зауыт өнімі күллі ел көлемінде жеткізіледі.

Биылғы жылы кәсіпорын салмақты түйткілдерге тап болды. Мәселе негізгі шикізат – суға төзімді аммиакты селитраны Ресейден сатып алатынында болып отыр. 2014 жылдың соңында кәсіпорын басшылығы жеткізушімен шартқа қол қойып, онла алдағы жылдағы шикізат бағасы айтылады.

«Екі айдан кейін ресейлік жеткізуші бір жақты тәртіпте компанияға аммиакты селитраның жіберілу бағасы екі есе көтерілетіні жайлы хабарлайды. Әрине, өз клиенттеріне келісіліп қойған бағамен дайын өнім жеткізуге міндетті шарттасқан компанияда түйткілдер туындайды. Кәсіпорын өндірісін тоқтатуға мәжбүр болады. Бірақ бұған қарамастан компания бағалы кадрларынан айрылып қалмас үшін, бірнеше ай бойы жұмыскерлеріне еңбекақы төлеуін жалғастырып келген», - дейді Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлмира Қазмұхамбетова.

«Нитрохим» ЖШС өкілдері кейін Кәсіпкерлер палатасына жүгінеді. Палата сарапшылары аталмыш түйткілді шешуге жәрдем көрсетуді сұрап Еуразиялық экономикалық комиссияның монополияға қарсы комитетіне хат жолдады.

«Аммиакты селитра мәселесін бірден шеше алмадық. Себебі Еуразиялық экономикалық одақ аясында қол жеткізілген келісулерге сәйкес, өткізу нарығында басым жағдайдағы өндіруші шикізат құнын көтере алмайды. Нәтижесінде, бұрынғы баға қайтарылды», - деп қорытты Гүлмира Қазмұхамбетова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер