«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақша қайда, Зин?

2015 жылғы 20 Қазан
- Қарағанды облысы
13310 просмотров

Су тасқынынан зардап шеккендерге үй салып берген мердігерлер өздерін алдап кетті деп есептейді

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы Қарағанды облысы Құрылыс салушылар қауымдастығы отырысының барысында құрылыс ұйымының басшылары наразылықтарын ашық білдіре алды. Жиналыс жұмысына көктемгі су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерде үй салуда мердігерлік еткен компаниялар қатысты.

Сәулетшілер ынтамен кіріскен еді, бірақ қазір көлемді құрылыс соңына жеткенде олар ұтылып қалғандарын түсінді. Аталып өткендей, мәселенің мәнісі шаршы метр құнында болып тұр. Яғни құрылыс жұмыстарының сметалары мемлекеттік сараптамаға жіберілген кезде, онда бір баға көрсетілді. Оның үстіне ол мердігерлердің көңілінен шыға қоймады. Ал алғандары ойлағандарынан әлдеқайда аз болып шықты.

«Тұрғын үйдегі бір шаршы метрдің сметалық құны 135 мың теңге құрайды, ал іс жүзінде 90 мың теңгеден төлейді. Оған қоса девальвация өтті. Сонымен бірге сараптаманы басқаша көлемде көрсетілген ауданмен беріп, іске келгенде мүлдем басқасы болған сәттер де бар: 58 шаршыны көрсетеді, ал салғанымыз 72 шаршы. Айырманы кім төлейді? Ешкім!», - деп назаланды «Қазқұрылыс құрастыру» ЖШС басқарушы Наталья Кобзева.

Құрылысшылар атап өткендей, келтірілген шығын үшін қандай да бір өтемақыға сүйене алмайды. Әрине, олар аталмыш мәселені көтермекші болды, бірақ жауапқа естігендері: «Бұл сіздердің шығындарыңыз бен тәуекелдеріңіз», - ғана болды.

Құрылысшылардың апатты үйлердің орнына үй салуға қаржыландыру басталғанға дейін кіріскені ешкімнен құпия емес.

«Естігеніміз: «Алаңдамаңыздар, ешкім де алдамайды. Бастысы – сала беріңіздер», - деген ғана. Алдын-ала басымызды қосып, шаршы метр құны 150-170 мың теңге аралығында болатынына сендірді, ал іс жүзінде қалай болғанын қараңыз», - ашу шақырды салушылар.

Облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Людмила Баширина бұның неден болғанын түсіндірді. Оның айтуынша, бір миллиард теңгедегі сомаға алғашқы транш – Үкімет резервінен қаржыландыру – дәл осы сметаға сәйкес құнды көздеген. Ал өңірлерді дамыту бағдарламасының аясында бөлінген екі миллиард теңге мөлшеріндегі екінші транш бір шаршы метр құнын 90 мың метр мөлшерінде шамалаған.

Бірақ құрылысшылар бұл пікірмен келіспей отыр. Олардың сөзіне сүйенсек, екінші транш бойынша да бір шаршы метр үшін 130 мың теңге мөлшеріндегі құн көрсетілген. Оның үстіне бұл смета да мемлекеттік сараптамадан өткен.

Ақырында не боп шықты? Жиналысқа қатысушылардың бірінің айтуынша, ұйымдары алғашқы үйлерді сонау 15 шілдеде тапсырып қойған.

«41 шаршы метр ауданды алған үй құрылысына 4,2 миллион теңге жұмсадық. Ал ол үшін алғанымыз 3,2 миллион ғана болды.  Бірақ егер бізге басында қаржыландыру бір шаршы метр үшін 90 мың теңге деген есеппен жүзеге асырылатыны айтылса, біз ондай шығын жасамас едік», - дейді құрылысшылар.

Құрылысқа тікелей қатысы бар құжаттамаға қатысты сауалдар да көп болды. Аталып өткендей, мердігерлердің көпшілігі жоба соңынан бір жарым ай бойы жүгіруіне тура келіпті. Ал жобалаушылар белгісіз себептермен тікелей әңгімеден жалтара берген. Тапсырыс берушілермен шарт жасасуда да дәл солай. Анықталып отырғандай, мердігерлердің көпшілігі үйлерді салып болған соң жасасқан екен. Мұндай жағдайда құрылысты тастап кету оңай болар еді, бірақ адам тағдыры сөз болып отырғанын түсініп, оған ар-намыстары жібермеген.

Негізінде, құрылысшылар зардап шеккендердің баспана мәселесін шешуде демеуші боп шықты. Олардың ойынша, сметалық құжаттама жобалау құжатына сәйкес келгенде, бәрі де басқаша болар еді. Анықталғандай, Көкпектіде үй салған кезде де осындай жағдай орын алған екен…

Қарағанды облысы Құрылыс салушылар қауымдастығының президенті Төлеген Әшімов түйткілді өз тұрғысынан жеткізді. Оның ойынша, қателік жобалау сатысында-ақ жіберілген. Мысалы, Ғабиден Мұстафин атындағы ауылда үйлердің бір бөлігі биік іргетаспен тұрғызылған, дегенмен ірге биіктігін 15 сантиметрмен шектеуге де болар еді.

“Бұл эконом-санатты үй. Олардан, әрине, табыс таппайсың, бірақ амалын табуға болады. Мысалы, біз Токаревкада үй салдық және 20 пайызға шығын шегетінімізді түсіндік. Жеке менің ұсынысым мынандай: алда мұндай жобалар келіп түскен кезде бірден үнемді үлгілік нұсқаны болжау. Себебі ТЖ туралы заң зардап шеккеннің баспанасын қалпына келтіруді айқындайды, бірақ оның тұрғын үй жағдайын жақсартуды емес. Мердігерлер саман үйлердің орнына жоғары іргетасты жекежай салып берген болып шықты. Ақырында құрылысшылар шығынға қалып отыр», - деп түйіндеді Төлеген Әшімов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер