«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шенеуніктер ауылда қоқыс жинауға бөгет жасаған

2015 жылғы 22 Қазан
- Ақмола облысы
12069 просмотров

Кәсіпкерлер қолмен жасалған кедергілердің нәтижесінде шығын шегіп отыр

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасына Жарқайың ауданының тұрғындары Александр Руденко мен Жақыбайұлы Сүйіндіктен алғыс хат келіп жетті.

Екі жыл бұрын Державинск қаласының тұрғындары жеке бизнес ұйымдастыруға бел буады. Қызмет көрсету нарығындағы жағдайға, жеке жинаған қаражаттары мен ата-аналарының қаржылай қолдауына баға бере отырып, олар тұрғындардың тұрмыстық қалдықтарын тасуға техника сатып алады. Аталмыш қызмет түріне белгілі бір сұраныс та қалыптасқан еді.

Жігерлі жарқайыңдықтар заңды тәртіпте жеке кәсіпкерлер ретінде ресімделеді де, клиенттік базаны жинақтай бастайды. Ісін бастаған кәсіпкерлердің жұмыс шарты мен кестесі жергілікті тұрғындардың көңілінен шықты: ыңғайлы әрі тиімді. Істің сәті келе қалды, дегенмен ескі техниканы жөндеу және қары қалың жауған қытымыр қыс мезгілі деген сияқты белгілі бір қиындықтар да орын алып тұрды. Алайда, бұл қолмен жасалған кедергілердің жанында жеңіл дүние болып шықты. Жарқайың ауданы «Коммунсервис» Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшылығы белгісіз себептермен кәсіпкерлердің қатты тұрмыстық қалдық полигонына кіруіне тыйым салады. Инстанцияға бірнеше мәрте жүгіну күтілген әсерін бермей, бизнесмендер уақыты мен клиенттерден айырылып, шығынға түседі.

Көмек Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалы тарапынан келіп, сарапшылар жұмысқа жедел кірісіп кетті. Өтініштерді қараудың барлық процедуралары сақталды, бірақ жауап-жазбалар бұрынғыша еш нәтижесін бермеді. Жағдай Палата сарапшыларының барлық мүдделі тараптарды шақырумен бастамалаған дөңгелек үстелінің барысында ғана шешілді. Түйткілді сұхбат алаңында талқылау оның шешу үшін және сындарлы ұсыныстар дайындау үшін шапшаңдатқыш қызметін атқарды. Ақырында кәсіпкер құқығы қалпына келтірілді. Олар бизнесті жалғастыруға мүмкіндік берген ӨКП Жарқайың филиалының сарапшыларына алғыс білдіруде. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер