«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қоқыс тастау үшін төлқұжат алу мұң болды

2015 жылғы 18 Қараша
- Шығыс Қазақстан облысы
14680 просмотров

Қоқыс тастау үшін төлқұжат алу бизнес үшін аса зор әкімшілік кедергі жасауда

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында осы мәселе сөз болды.

Аталып өткендей, қалдықтарға берілетін төлқұжат мазмұнына қойлатын талаптар кәсіпкердің оларды бірден түсіне қоюына қиындық тудыратын формада жасалыпты. Сондықтан да ол жеке меншік ұйымдардан көмек сұрап жүгінуге мәжбүр болып отыр. Бір айта кететіні, бір төлқұжаттың құны – орташа алғанда 15 000 теңге.

Төлқұжатталатын қалдықтардың көлемі кәсіпкерлердің қоршаған ортаға төлейтін экмиссиясы үшін жасалатын төлемдерімен тікелей байланысты болғандықтан, қаражатты үнемдеу мақсатында кәсіпкерлердің бір жыл ішінде қалдықтардың бірнеше төлқұжатын дайындауына тура келеді.

«Кәсіпкерлерге қалдықтарды іс жүзінде әкетумен байланысты емес, жоспарланған көлеммен бірдей ақпараттан тұратын қалдықтарды тастау нормативтерінің жобасын дайындау қажет болса, қалдықтарға төлқұжаттардың қажеті қанша, деген сауал туындайды», - дейді кәсіпкерлер.

Қызмет қалдықтары картон қорап пен шина болып табылатын шағын және орта бизнес субъектілеріне төлқұжат дайындаудың мүлдем қажеті жоқ. Жоғарыда аталған екі есеп формасы болған жағдайда кәсіпкерлер қалдықтардың қозғалыс журналын жүргізуге мінетті. Онда іс жүзінде шығарылған қалдық көрсетіліп отырады.

«Түйткіл кәсіпорынның нарықтық жағдайда қоқыс көлемін нақты болжауы мүмкін еместігінде болып отыр. Осының нәтижесінде төлқұжаты жоқ көлемді белгіленбеген орынға тастауға, не болмаса қалдықтар төлқұжаттары мен қалдықтарды шығаруға жасалатын шарттарға қосымша келісімдерді үнемі жасап отыруға тура келеді», - деп түсіндірді ӨКП директоры Игорь Шацкий.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер