Бизнес Палатаға сенім артады
2015 жылы кәсіпкерліктің заңды мүдделері мен құқықтарын бұзғаны үшін 8 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Бұл жайында бүгін Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасында өткен брифинг барысында мәлім болды.
ӨКП-ның құқықтық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары Мирлан Бисенғалиев 2015 жылы Өңірлік Палатаға бизнесті қорғау бағыты бойынша 270-тен астам өтініш келіп түскенін айтты, ал 2014 жылы бұл көрсеткіш 173 болған.
- Бұл көрсеткіштің 56%-ға ұлғаюы бизнестің өңірлік палатаға сенімі
артқанын дәлелдейді, әрине, бұл бізді қуантатыны рас. Өтініштердің 61%-ның оң шешілуіне қол жеткіздік. Соның нәтижесінде 75 кәсіпкердің 1,2 млрд теңге тұратын мүліктік құқықтары қорғалды, – деп хабарлады Құқықтық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Мирлан Бисенғалиев жергілікті және республикалық БАҚ өкілдеріне.
Шағымдардың басым көпшілігі жер және құрылыс саласындағы құқықтық қатынастар (27%), салықтық қатынастар (21%), сатып алулар мәселесі (18%) және жеке кәсіпкерлік субъектілері арасындағы дауларды қамтиды.
Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау Кеңесімен және Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі штаб қызметкерлерімен бірлескен жұмыс нәтижесінде 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тағы біреуі – әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 мемлекеттік қызметкер қатаң сөгіс алды, 6 – сөгістер мен ескертулер берілді, 1 – жұмыстан босатылды, 33 қызметкерге прокурорлық жедел жауап қату актісі шығарылды.
- 2 жылда біз өңірде бизнестің тиімді дамуын тежеп отырған 159
әкімшілік кедергіні анықтадық, тек соңғы жылдың өзінде 88, оның ішінде 43-і республикалық деңгейдегі жүйелік проблемалар және 45-і – жергілікті деңгейдегі мәселелер. Қазіргі уақытта 44 жергілікті кедергі жойылды, – деп жалғастырды директордың орынбасары.
Атап айтқанда, Палатаның көмегімен салық органдарының шаруа қожалықтарына арналған эмиссиялар бойынша беретін ескертулері алынып тасталды, коммуналдық меншік ғимараттарын жалға алудың, сыртқы жарнама нысандарын орналастыру үшін алынатын ақшаның шекті құны төмендеді, жер қатынастары, сәулет және құрылыс салаларындағы мемлекеттік сатып алулар кезінде орын алатын бұзушылықтар жергілікті атқарушы органдар тарапынан жойылды. Республикалық деңгейде 11 әкімшілік кедергі алынып тасталды, соның ішінде жылжымайтын мүліктің мақсатты бағытын өзгерту рәсімі жойылды, Салық кодексінде мүлікті уақытша иеленуге беруге байланысты айналымды іске асыру ережелері алынып тасталды, жеке кәсіпкерлердің бухгалтерлік есепті жүргізбеуіне байланысты әкімшілік жауапкершілік жойылды.
39 проблемалық мәселе ҚР «Атамекен» ҰКП-ның «Кәсіпкерлер проблемаларын шешу картасы және проблемалық сұрақтар тізіліміне» енгізілді. Олар қазіргі уақытта үкіметтік деңгейде шешілу үстінде. Мысалы, кәсіпкерлердің құрылысқа, қайта жаңғыртуға, нысанды қайта бағдарлауға байланысты жобаларын міндетті түрде Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы қала құрылысы кеңесінен өткізуге қатысты әкімшілік кедергі жергілікті деңгейде жойылды. Бүгінгі таңда Қала құрылысы кеңесінің отырысына аса маңызды нысандар ғана шығарылатын болды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: