«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Таза табиғи тағамға көшеміз

2016 жылғы 03 Маусым
- Ақтөбе облысы
7920 просмотров

Кəсіпкерлер палатасында органикалық ауыл шаруашылығын енгізу жəне дамыту мүмкіндіктері талқыланды

Шараны «Жасыл экономиканы» жəне G-Global-ды дамыту коалициясы ӨКП қолдауымен, ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің өкілімен бірлесе отырып ұйымдастырған.

Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, даму институттары, бизнес-құрылымдардың өкілдері және «жасыл экономика» саласындағы сарапшылар қатысты.

Қатысушылар 2015 жылдың қарашасында қабылданған «Органикалық өнімдерді өндіру туралы» ҚР заңын талқылап, органикалық ауыл шаруашылығы мәселелері жөнінде халықаралық жəне ұлттық сарапшылармен тәжірибе алмасты.

Палата директоры Нұрлыбек Мұқанов ауыл шаруашылық дақылдарының органикалық өндірісі жерлерді тиімді пайдалану, өндіріс жəне қайта өңдеу технологияларын, белгілі бір экожүйені ынталандыру, өткізу кешендерін қамтитын болашағы бар бағыт болып саналатынын айтты.

Оның айтуынша, тұтынушылар органикалық жəне экологиялық өнімдерге шынымен қызығушылық танытуда және заңда органикалық өнімнің Ұлттық белгісін енгізу туралы нормалар өнімдердің тазалығы мен бәсекелі нарықты қалыптастыру жөніндегі ақпаратты визуалды түрде қабылдау мүмкіндігін береді.

Сонымен бірге, бұл белгіні пайдалануға қатысты белгілі бір мәселелер де жоқ емес.

«Біздің ойымызша, органикалық ауыл шаруашылығын ілгерілету жөніндегі кеңес құрып, оның құрамына мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен халықаралық және ұлттық сарапшыларды енгізу қажет. Оған қоса, өндірушілер субсидия түріндегі мемлекеттік қолдауға мұқтаж. Аталған норманың маңызы зор және кәсіпкерлерге белгілі бір ынта береді, алайда субсидия беру алгортимдері мен механизмдері талқылауды қажет етеді», – деген пікірімен бөлісті Нұрлыбек Мұқанов. Ол, сондай-ақ, бұл бағыт Қазақстан үшін, оның ішінде өз өңір үшін де салыстырмалы түрде жаңалық болмақ және қоғамдастықтың белсене атсалысуын қажет етеді деген ойын жеткізді.

Сонымен бірге, кездесу қатысушыларын АӨК саласында жүзеге асқан көгалдандыру тәжірибелерімен, органиканы дамытуға арналған жобалармен таныстырды. Ал Украина органикалық қозғалыс федерациясының президенті Евгений Милованов ақтөбелік кәсіпкерлерге өз еліндегі органикалық қозғалыстың қалыптасу тарихы мен даму перспективалары туралы айтып берді.

Органикалық егін шаруашылығы қауымдастығының атқарушы директоры Вадим Лопухин Қазақстандағы органикалық ауыл шаруашылығының даму перпективалары туралы ойымен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығының аталған бағытын анағұрлым тиімді енгізу және дамытуға арналған жағдайлар мен механизмдерді жақсарту жөнінде бірқатар ұсыныстар жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер