«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қолдаудың жаңа картасы

2016 жылғы 15 Шілде
- Ақтөбе облысы
6750 просмотров

Ақтөбе облысында Кәсіпкерлікті қолдаудың жол картасы қолданысқа енгізіледі

«Кедергісіз кәсіпкерлік» форумының аясында өңірлік Кәсіпкерлер палатасы Ақтөбе облысы прокуратурасымен және облыс әкімдігімен бірлесе отырып, Картаны жүзеге асырудағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.

Форум Ақтөбе облысының прокуратурасында өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов, барлық мемлекеттік бақылау-қадағалау және басқа да уәкілетті органдардың, Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы мен облыстың бизнес-қауымдастығының басшылары қатысты.

Шара барысында облыстағы кәсіпкерлік саласындағы түйіткілді мәселелер қаралды. Соның ішінде Кедендік одақ шеңберіндегі ауыл шаруашылығы, құрылыс, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, мемлекеттік бақылау және қадағалау, салықтық басқару мәселелері де бар.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Ол қазіргі таңда кәсіпкерлердің түрлі құқықтық актілердің 17 мың талаптарын сақтауын 61 мемлекеттік орган тексеретінін айтып өтті. Соған байланысты Бас прокуратура мемлекеттік органның жекелеген қызмет түрлерін өзін-өзі басқаруға беру мүмкіндіктерін қарастыруда.

Форумның негізгі мақсаты Кәсіпкерлікті қорғаудың өңірлік жол картасын таныстыру болды. Ол қолайлы инвестициялық климат құруға, кәсіпкерлердің құқықтың сауаттылығы мен кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға, әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған.

Карта арқылы өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі болатын себептер мен жағдайларды айқындау, кәсіпкерлердің ауыл шаруашылығы, құрылыс, салық төлеу және сыртқы экономикалық қызметтер саласындағы мәселелерін анықтап, оларды шешу жолдарын табу жоспарланған.

Шара соңында жауапты органдар тарапынан Картаны жүзеге асыру бойынша әріптестік пен өзара түсіністік туралы бірыңғай меморандумға қол қойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер