«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызмет ақысын төлеуге мәжбүрлеуде

2016 жылғы 20 Шілде
- Ақтөбе облысы
6543 просмотров

Ақтөбелік коммуналдық кәсіпорын өз қызметін мәжбүрлеп таңуда деп айыпталуда

Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің кезекті жиынында жергілікті «Трансэнерго» АҚ-ның жергілікті кәсіпорындарға өз қызметін тықпалап жатқаны күнтәртібіне қойылды. «Актюбинскглавснаб» АҚ өкілдері облыстық Кәсіпкерлер палатасына шағымданып, «Трансэнергоның» гидравликалық сынақ жүргіздік деп  тықпалаған қызметіне ақы төлеуден мәжбүрлеуден құтқаруды сұрады.

ӨКП бөлім бастығы Руслан Куйшиновтың айтуынша, жылу тарататын маусым алдында торапты сынау үшін тұтынушы, бұл жағдайда «Актюбинскглавснаб», қабылдау-тексеру сынақтарын өткізуі тиіс, жылу қабылдағыш жабдықтарды тексеруі керек.

«Жылу тарату торабын іске қосуды тұтынушы тек лайықты қызметкерлері бар кезде, жылу тарату жабдықтарының басында тұрған жауапты адамдар оның сенімді әрі қауіпсіз жұмыс жасауын қадағалаған кезде, немесе арнаулы ұйыммен келісімшарты негізінде, олар да жылу тарату тораптарына жылу жібере алатын міндетті адамдар болған кезде мүмкін болады. Әрине, тұрмыстық қажеттілікке жылу жұмсайтын тұтынушылардан бөлек. Яғни, жылу тарату маусымына дайындық арнаулы техникалық әзірлікті талап етеді. Оған техникалық акті беріледі. Оны жасау үшін жауапты қызметкерлер келісім негізінде маманданған ұйыммен дайындық жасауды өткізеді, бірақ ол міндетті түрде «Трансэнерго» болуы тиіс емес», – деп түсіндірді кеңес мүшелеріне Руслан Куйшинов.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінен алынған келісім бойынша жылу тораптарындағы өткізілетін гидравликалық сынақ табиғи монополиялар субъектісінің бір жылдық қызметінің 5%-нан аспауы керек. Бұл «Трансэнерго» мекемесіне монополиялық құқық берілмегендігінің дәлелі. Ол тұтынушыларға өзінің ақылы қызметін тықпалай алмайды деп есептейді Палатадағылар.

Егер жылу энергиясын тұтынушы жылу беру маусымына даярлық кезінде барлық дайындықты өз есебінен жасаса, жылу беруге дайын деген құжат алса, өзінің жылу тарататын торабының техникалық актілері даяр болса, онда «Трансэнерго» бұл қызмет үшін есепшот жіберуге құқылы емес.

Кеңес мүшелері «Трансэнергоның» сынақтан өткен, техникалық актілері дайын объектіге қатысты бұл әрекетін қаншалықты заңды екенін талқылады. Материалды жинақтап, облыстық Прокуратура мен Табиғи монополиялар агенттігінің облыстық департаментіне жіберді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер