«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлердің барлығына есік ашық

2017 жылғы 18 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
5527 просмотров

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы 2016 жылы келіп түскен 340 өтінішті қарап, олардың ішінен 227 кәсіпкердің құқығы мен мүддесін қорғаған

«Кәсіпкерлер өз құқықтары мен мүдделерін қорғауда батыл қадамдар жасап келеді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 227 мәселе оң шешім тапты, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 35%-ға артық. Кәсіпкерлер бізге көптеп келетін болды және біздің басты мақсатымыз – бизнесменнің мәселесін қарап қана қоймай, оның оң шешім табуына мұрындық болу, әзірге өз міндетімізді ойдағыдай атқарып келе жатқан жайымыз бар», – деді Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Руслан Күйшінов.

Осылайша, құқықтық блок жетекшісі бірнеше мысал келтірді. Мәселен, бөлім сарапшылары Ақтөбе облысы Тұтынушылар құқығын қорғау  департаментінің өкілетті тұлғалары тарапынан орын алған әрекеттердің заңсыздығын дәлелдеп, «Ақтөбе Эксперт» ЖШС-де жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық аудит нәтижелерін жарамсыз деп тануға қол жеткізген.

Палата сарапшыларының араласуына кейін, облыс прокуратурасы заңбұзушылықтарды жою туралы шешім шығарған. Нәтижесінде, облыстың Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының қаулысымен тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі басқарма шешімі өз күшін жойған.

Тағы бір мысал келтірсек. Ақтөбе қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілетті тұлғаларына, заңбұзушылықтың орын алуына орай, орынсыз ескерту жөнелткені туралы шағым түскен. Оған сәйкес, салық төлеуші қосымша құн салығына және корпоративтік табыс салығына қатысты шегерімдерді алып тастау керек екен. Мәселеге ӨКП сарапшылары араласқаннан кейін, облыс прокуратурасы аталған іске қатысты тексерту жүргізеді. Нәтижесінде, облыстың Мемлекеттік кірістер департаменті басшысына, заң бұзу дерегіне қатысты шағымның өз күшін жойғаны туралы хабарлама жолданды. Осылайша, облыстың МКД 2 775 449 теңге көлеміндегі ескертпесі өз күшін жойды.

Әкімшілік кедергілерді анықтау және оларды азайту мақсатында, Палата, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдармен, прокуратурамен бірлесе отырып, ҚР заңнамаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге негіз болған кеңестер әзірлеген.

Әкімшілік кедергілерді жоюға қатысты нақты мысалдардың біріне – қолданыстағы құрылыс ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізуді жатқызуға болады. Нәтижесінде, жекеменшік инвестициялар есебінен, тұрғын үйлерді әрленбеген күйі пайдалануға беру мүмкіндігіне қол жеткізілді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер