Оңтүстік Корея инвесторлары қаржы құюға дайын
Ақтөбе қаласындағы кездесу аясында Қазақ-Корея оратылығы директоры ВуДжонг Хи ханым және Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директоры Нұрлыбек Мұқановпен бірлесіп кездесу өткізді. Қазақ-Корея ортылығы делегациясы Өңірлік карта бойынша инвестициялық жобаларының таныстырылымын жасады.
Оңтүстік Кореядан келген қонақтарға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бизнес пен инвесторлардың шоғырлануына арнайы әзірленген businessnavigator.kz ақпараттық ресурспен таныстырды. Бизнестің өңірлік картасына Ақтөбе облысынан 10 жоба кірді. «Бұл барлық есеп-сызбалары, бизнес жоспары жасалған дайын жобалар. Жобаларды бірден қаржыландыруға болады. Қажет болса біз кәсіпкерлермен арнайы кездесу ұйымдастыра аламыз. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жауапкершілігі мол инвесторлар мен өңірлік сенімді бизнес серіктестерді тартуға ынталы», – деп атап өтті Нұрлыбек Мұқанов.
Екі ара ынтымақстастық аймақтық ерекшелікке қарай текстиль, автошиналар мен доңғалақ тысын жасау сынды бағытта болатынын Өңірлік кәсіпкерлер палатасы басшысы болжаммен айтты. Тиімді серіктестік медицина мен құрылыс салалары, соынмен қатар агроөнеркәсіп саласында өрбімек.
Басқосудың қатысушысы «Жаңатұрмыс» шаруа қожалығының басшысы Марат Кубиев сүтті-тауарлы ферма құру және үлкейту бойынша өзінің инвест жобасы туралы айтып берді. Инвестор «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трансконтинентальді жол бойындағы жерлер кәсіпкерге жобаны жүзеге асыруға ең қолайлы болып отыр. Алайда аталған жер телімдерінің топырақ бонитеті балының жоғарылығы бұл жерге жылыжай құрылысын бастауға күмән келтіріп отыр.
Қазақ-Корея ортылығы директоры ВуДжонг Хи ханым «Композит Арматура Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестің жобасына қызығып, ынтымақтастыққа шақырды. «Композит Арматура Актобе» дәстүрлі болат арматурасынан гөрі композитты арматураны қолдану арқылы құрылыс құралдарының арасын байланыстыратын қажетті иілгіш құралдарды (қабырғалық блоктарына, монолитті қабырғалар, кірпіш қалауға арналған «сэндвич» атты бетон тақталар) шығарады. Компания директоры Ғалымжан Машаровтың айтуынша аталған жобаға инвестиция құю тиімді екені анық. Мәселен, аталған құрылыс өнімі арзан әрі тасымалдауда ыңғайлы. Оңтүстік Корея қонағы сонымен қатар сирек кездесетін металлдарды игеру мен өндеуге байланысты жобаларды назарға алды.
Кездесуге қатысқан отандық кәсіпкерлер кореялық қонақтарға Ақтөбе облысына инвестиция құюға дайын компаниялардың тізімін жасауға ұсынды. Бұл ақпарат өңірдегі бизнесмендерге жеткізіледі. Егер қажеттілік болса, Кәсіпкерлер палатасы өз алаңында екі елдің кәсіпкерлері кездесуін ұйымдастыруға дайын.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: