«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Македониялықтар Ақтөбеде бизнес жүргізуге ынталы

2017 жылғы 03 Наурыз
- Ақтөбе облысы
7302 просмотров

Ақтөбе кәсіпкерлері Македонияның Қазақстан Республикасыдағы Төтенше және өкілетті елшісі Илия Псалитровпен кездесті. Тараптар келешекте екі жаққа тиімді ынтымақтастық туралы ақпаратпен алмасты. Македондықтар Ақтөбе облысымен сауда, инвестиция және азық-түлік бағытында бірлесіп жұмыс істегілері келеді.  

Бүгінде Македония – экономикасы дамыған елдердің бірі. Негізінен азық-түлік, темекі өнімдері, тоқыма, өндірістік бұйымдар, темір мен болатты шығарады. Македония машина мен жабдықтарды, химиялық өнімдерді, жанармай мен азық-түлік әкеледі. 

Македонияның негізгі сыртқы сауда серіктесі – Еуроодақ. Сыртқы сауда көлемі 2014 жылы 12211 млн долларды құраған.

Кездесуді ұйымдастырған Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов Ақтөбе инверсторлардың қолдауы мен кәсіпкерлікті дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Өңір үшін бұл еуропалық нарыққа шығатын жол. Нұрлыбек Мұқановтың айтуынша, еуропалық нарыққа ұсынатын тауарлар да баршылық.

«Біз экспортқа ең алдымен, мұнай, газ, құрылыс пен АӨК саласындағы тауарларды шығара аламыз, Өздеріңіз білесіздер, біз етті экспортқа шығарып жатырмыз», – деп хабарлады Нұрлыбек Мұқанов.

Македония елшілігі Астанада 2,5 жыл бұрын ашылған. Бұл елшінің Ақтөбе өңіріне жасаған алғашқы сапары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер