«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес деген не?

2017 жылғы 06 Наурыз
- Ақтөбе облысы
10616 просмотров

Кәсіпкер мектеп оқушыларымен кездесіп, жеке бизнесіндегі табысы туралы әңгімеледі

Хромтау қаласындағы «Габор» жеке кәсіпкерлігін көпшілік таниды. Етті қайта өңдеу цехының өнімін жергілікті тұрғындар ғана тұтынбайды. Шұжық пен ет деликатестерін алу үшін көрші аудандар мен облыс орталығынан қатынайды. Тұтынушыларды өнім бағасының арзандығы емес, оның сапасының жоғарылығы қызықтырады. Себебі «Премиум класс» белгісімен шығарылады.

Бүгінде цех қуаты айына 15 тонна өнім шығаруға мүмкінгі бар. Тауар түрі 54-ке жетті. Өнімнің басы-қасында жергілікті тұрғын Виктор Габор тұр. Ол осы цехты 2014 жылы өз қаржысына тұрғызған. Орнықтылық пен бәсекеге қабілеттілікті сақтауға өмірлік тәжірибесі мен білімі көмектесті дейді 32 жастағы кәсіпкер. Себебі ол үш мамандықты меңгерген. Солардың білі – экономикалық. Виктор Валентинович жұмысқа тек жерлестерін тартқан. 9 адам жоғары технологиялық жабдықта барлық машықты сәтті игеріп алған, тіпті бүгінде жаңа рецептерді ойластырып отыр.

«Габор» кәсіпкерлігінің жеке дүкені бар, Хромтау мен Ақтөбе қалаларының коммуналдық нарығына да шығарады. Өткізу нарығын іздестіруге Кәсіпкерлер палатасының бөлімшесі де көмектеседі. Сондай-ақ, жергілікті жердің шошқа мен сиыр етін алу үшін ауданның ауылшаруашылық бөлімімен кесте жасалған.

Виктор Габор Палата сарапшыларымен тығыз байланыс орнатқан. Себебі, Палата бұған дейін кәсіпкер Виктор Габордың ет өңдеу цехының құрылысына қатысты рұқсат құжаттарын ресімдеуде ықпал еткен болатын. Өткен жылдың соңында Палата кәсіпкерге жеміс бағына арналған жер учаскесін бөлу мәселесін оң шешіп берген.

Жұмысбастылығына қарамастан, Виктор Габор Палата бөлімшесінде өткізілетін семинар-тренингтердің бірін қалдырмайды. Өзі оқып, үйренеді және тәжірибесімен де бөліседі. Бұл жолы ол Хромтаудағы №4 орта мектепте өткен акцияға қатысты. Бизнесмен оқушыларға табысты болудың жолдары мен нарыққа қажетті жобаларды жасау туралы айтып берді. Кездесу өнімді болды дейді ой бөліскен кәсіпкер. Бірақ, дәріске қатысқан 120 оқушының бірен-сараны ғана өздерін бизнесте көретіндіктерін айтты. Балалардың басым көпшілігі заңгер, экономист, қаржыгер, бағдарламашы секілді мамандықтарды таңдайды деп атап өтті Виктор Габор.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер