«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 24 млрд теңгеге 130 жоба қарастырылады

2020 жылғы 03 Наурыз
- Ақтөбе облысы
5793 просмотров

«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасының аясында 12,5 млрд теңгеге 92 жоба мақұлданды, соның ішінде жалпы несие сомасы 8,7 млрд теңге болатын 85 жобасы 2019 жылы банктермен мақұлданған

2019 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру кезінде Ақтөбе облысы Кəсіпкерлер палатасының директоры Анар Даржанова атап өткендей 12,9 млрд теңгеге 32 жоба құжаттарды дайындау сатысында тұр.

Оның айтуынша, кредит берілетін және жоспарланған жобалардың арасында бұрын өндірілмеген өнім алуға мүмкіндік беретін немесе өндірілетін өнім номенклатурасын кеңейтуге мүмкіндік беретін өндірістік қуаттар бар екенін атап өткен жөн.     Ақтөбе облысы бойынша балмұздақ, гофракартон, құс еті және фармацевтикалық препараттар, таңқурай өсіру және қайта өңдеу, нан және жаңа ұннан жасалған және кондитерлік өнімдер, бетоннан жасалған құрылыс бұйымдары, хирургиялық және ортопедиялық құралдар және т.б. сияқты аймақ үшін өзекті Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші енгізілді.

 «Атамекен» өңірлік палатасы директорының ақпараты бойынша облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 59,1 мың бірлікті құрайды, оның 70,4%-ы жеке кәсіпкерлік үлесіне тиесілі.  ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны –144 мың адам (2018ж. – 138,9 адам).

«2019 жылы «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету аясында өңірлік кәсіпкерлер Палатасының сүйемелдеуімен 256 жаңа шағын және орта бизнес субъектісі ашылды және жалпы сомасы 870 364 мың теңгеге 72 жоба жүзеге асырылды. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 1 100 адам оқытылды. Оның ішінде 454 тыңдаушы қайтарымсыз грант жеңіп алса, 5 түлек 219 млн.теңгеге несие алды. Танымал болған «Бастау» жобасымен аймақтың 3 485 тұрғыны оқыды, 725 тыңдаушы  қаржыландырылды, оның ішінде 70 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 1338 млн теңгеге 387 грант жəне 338 несие.  Биыл «Бастау» жобасы бойынша оқу жалғасын табады, барлық аудандар мен облыс орталығында жүзеге асырылады», –  деді ӨКП директоры.

  2019 жылы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық қамтамасыз ету бойынша 15 Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында 14 435 қызмет көрсетілді, сервистік қолдау бойынша 3 319 қызмет көрсетілді.

«Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 1 069 адам оқып шықса, олардың 344-і «Atameken Academy» арқылы онлайн оқытылды, «Бизнес Өсу» жобасы бойынша 115 адам оқытылды.

Кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыты қолайлы бизнес-ортаны құру және қолдау болып табылады. «Атамекен» қызметінің алты жылдан астам уақыттан бері бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісіндегі жетістіктерін мойындамауға болмайды.

«Өткен жылы ақтөбелік кәсіпкерлерден бизнесті қорғау мәселелері бойынша 177 өтініш келіп түсті. Оның 126-сы оң шешімін тапты. Кәсіпкерлік қызметтің 17 субъектілерінің жалпы сомасы 3 млрд 91 млн теңгеден астам мүліктік құқықтары қорғалды. 2017 жылмен салыстырғанда өтініштердің төмендеу динамикасы жүріп жатыр, бұл ретте проблемалардың шешілуі ұлғаюда. Егер 2018 жылы мәселелердің 60%-ға жуығы оң шешімін тапса (281-ден 164-і), өткен жылы біз кәсіпкерлердің пайдасына 70%-дан астамы шешімін тапты. Шағымдардың басым бөлігі жер қатынастары және сәулет, салық салу, субсидиялар, сатып алу және жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынас мәселелері бойынша келіп түседі. Ең өткір мәселелер кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелерінің талқылауына шығарылады», – деді Анар Даржанова.  

 Әкімшілік кедергілерді жою мақсатында Кәсіпкерлер палатасы прокуратурамен бірлесіп біздің өңіріміздің кәсіпкерлерінің жүйелі проблемаларының тізілімін құрды. Осыған байланысты, проблемаларды шешу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде.

2019 жылы республикалық деңгейдегі 15 әкімшілік кедергілер анықталды: 5 кедергі бизнес проблемаларының тізіліміне енгізілді, 10 кедергі бойынша ҰКП проблеманың жүйелілігінің болмауына байланысты тізілімге енгізуден бас тартылды.

Палата АӨК саласында өндірістік тізбекті орнату бойынша жұмысты жолға қойды.

«АкТеп» ЖШС-мен бірге Ақтөбе облысында ет кластерін құру бойынша жұмыс жалғасуда, бұл облыстың 400-ден астам шаруа қожалықтарын біріктіруге мүмкіндік берді», – деді Анар Даржанова.

Өндірушілердің өнімдері мен тауарларын дамыту бойынша жұмыс шеңберінде облыстың тауар өндірушілерінің тізімі жасалды – бұл өнім 2491 түрін өндіретін 280-ден астам компания. Облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия жұмыс істейді. Комиссия шеңберінде жұмыс алгоритмі әзірленді, реттелетін сатып алу арқылы импорт алмастыру негіздерін құру үшін құрылыс материалдары нарығының сыйымдылығын талдау, анықталған қайта келісу фактілерімен жобалар мониторингі, отандық тауар өндірушілер тізілімін өзектендіру жүргізіледі.

ӨКП басшылығыны есептік кездесуі «Aqtóbe ónіmderі-2020» тауар өндірушілердің көрмесі аясында өтті, онда өнімдерді 40-қа жуық компания таныстырды.

  Есеп беру кездесуінде облыс әкімі Оңдасын Оразалин, өңірлік Кеңесінің мүшелері, кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңестің, кәсіпкерлер, іскер әйелдер Кеңесінің басшылары, банктер мен қаржы институттар, құзыретті мемлекеттік органдар, сондай-ақ Орынбор облысының (РФ) бизнес-омбудсмені Виктор Коршунов қатысты.

 Өз сөзінде өңір басшысы мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сатып алуларда қазақстандық және жергілікті қамту әлеуеті толық қолданылмай жатқанын растады.

 «Талдауға сәйкес, кейбір мемлекеттік органдар импортталатын тауарды әле де сатып алатыны анықталды, осы ретте өңірде мұндай өнім шығарушылар бар, бұдан бөлек, кейбір прозициялар бойныша отандық өнім сапалы әрі арзан келеді. Сондықтан биыл жергілікті қамту үлесін ең кемі 50%-ға дейін жеткізу қажет, ал тамақ және жеңіл өнеркәсібі өінімі, құрылыс материалдар, жиһаз өнімдері бойынша КРІ ең кемі 90%-ды құрауы керек», – деді облыс әкімі.

Іс-шара аясында мектепке дейінгі мекемлер мен сиыр еті мен сүт өнімдерінің жергілікті өндірушілері арасында тауар жеткізу туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды, осы ретте тауар өндірушілер нарықты бағадан төмен бағамен халыққа сату туралы міндеттемелер алды.

 Ағымдағы жылдың жоспары туралы айта келе, Кәсіпкерлер палатасының директоры Ақтөбеде «Бизнеске арналған үкімет» – кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығын құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті. Жоба «бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсетуге бағытталатын болады жəне де бұл орталықты Ақтөбе облысының  кəсіпкерлер Палатасы өңірлік əкімдікпен бірлесіп іске асырады.

 Кездесудің негізгі бөлігі бизнеспен диалогқа бөлінді. Кәсіпкерлер өз сұрақтарын қойып, Палатаның, бизнес-қауымдастықтың және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жақсарту жөнінде ұсыныстарын айтты.

 Мәселен, жер қатынастарында түйкілді мәселе көтерілді. 2016-2018 жылдары Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы жерлерінің бір бөлігі сауда-саттықсыз таратылған. Прокурорлық тексеруден кейін жергілікті атқарушы органдар сотқа жерді ажлға алу келісімшарттарын заңсыз деп тану үшін талап арызбен жүгінді. От өтінім берушілердің арызын қанағаттандыруға мәжбүр болды, өйткені жерді байқау негізінде тарату керек (анықты үшін 2018 жылдың ортасына дейін 43-45, 48 баптарының редакциясы кереғар болатын). Кәсіпкерлер палатасы, облыс әкімдігі, прокуратура, жер инспекциясының қатысуымен мәселені бірлесіп талқылау барысында барлық талап-арыздарды қайтарып алу туралы шешім қабылданды. Енді жерді жоғалтып алған кәсіпкерлерге көмектесу қажет, олардың қатарында – «Ақжар-Агро» ЖШС, «Сұлтан» ШҚ, «Мерей» ШҚ, «Ожырай» ШҚ, «Комсомол» ӘКК бар.

 Қазіргі таңда «Ожырай» ШҚ, «Комсомол» ӘКК бойынша Ақтөбе облыстық сотына күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық шағымдар берілді.  Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңессі мәселені ешшуде өз нұсқасын айтты. Ол кезде арыз беруші, мына жағдайда Хромтау ауданының әкімдігі Азаматтық процестік кодексінің 170-бабына сәйкес апелляциялық сотқа жазбаша өтініш беру арқылы талаптан бас тартуы керек.

 Сонымен қатар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-тың маневрлілі тепловозды беру және тазалауға қосымша алым салғанына қатысты салық салу бойынша мәселе көтерілді.

Айта кету керек, ӨКП ұсынған шешімдер әкімдік тарапынан қолдау тапқан. Бұдан бөлек, хаттама шеңберінде кейбір мәселелер бойынша жол картасын әзірлейді.

 Өз кезгінде Орынбор облысының бизнес-омбудсмені Виктор Коршунов Ақтөбе Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен ынтымқатастығы туралы айтып, Сагарчин және Маштаково өткізу пунктерінде кептеліс болмауы мүмкіндігі туралы хабарлады. Биыл реконструкцияны жобалау бойынша жұмыстар басталады. Сонымен қатар Виктор Коршунов  ақтөбелік стоматологиялық желіні Орынбор нарығына кіру мәселесінде сүйемелдеу көрсететіні туралы ақпаратпен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерлер Палатасының аудан орталықтарында филиалдары бар.  Ақтөбе облысының кәсіпкерлер Палатасы, оның аудандық филиалдары директорларының жергілікті бизнес-қоғамдастықтармен есептік кездесулері өңірде 20 қаңтар мен 20  ақпан  аралығында өтті.

Көбінесе кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу, мал шаруашылығын дамыту және субсидиялар бөлу, жер телімдерін беруде қол жетімділік пен ашықтық мәселелерін көтерді, салық заңнамасындағы өзгерістер мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде туындайтын кедергілерді талқылады.

Барлық сұрақтар мен ұсыныстар белгіленіп алынады және одан әрі жұмыста ескерілетін болады.

Кәсіпкерлер Палатасы басшылығының бизнеспен есеп беру кездесуі осындай форматта алғаш рет өтіп, болашақта дәстүрге айналады.

Кездесу аясында тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылып, В2В кездесулер өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер