«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

БАСТАУ: онлайн-курстың екінші легіне Ақтөбе облысының 300-ге жуық тұрғыны қабылданды

2020 жылғы 21 Шілде
- Ақтөбе облысы
4540 просмотров

Жалпы алғанда, 2020 жылы 5 лек ұйымдастырып, 1 400 адамды оқыту жоспарланған.

Карантин шараларын ескере отырып, жаттығулар қашықтан ««Atameken Academy» алаңында өтеді.

Жоба жетекшісі, бизнес-тренер Гүлнар Сейтжаппарованың айтуынша, екінші лектегі жаттығу мерзімі 9-29 шілде аралығында өтеді. Оқу мерзімі студенттің материалды қалай игергеніне, тапсырмаларды қалай орындағанына байланысты 21 күннен аспайды. Оқу барысында аралық онлайн тестілеу өткізіледі.

«Бірінші лекке 441 тыңдаушы тіркелді. Олардың көпшілігі жаттығуларын сәтті аяқтай алды. 101 тыңдаушы академиялық үлгерімі үшін шығарылды. 110 адам оқуға қатысұаны туралы сертификатын алды, ал 331 үміткер оқуды аяқтағаны туралы сертификат алды. Бүгінгі таңда 44 студент «Атамекен» ҰҚП сарапшыларының бағалары бойынша бизнес-жоспарлар дайындады», – дейді бизнес-тренер.

Бизнес-жоспарды дайындаған бірінші ағымның түлектері кәсіпкерлік жолды белсенді игере бастайды. Бірінші ағынға қатысушылардың ішінен 132 тыңдаушы 200 АЕК-ке дейін гранттық қаржыландыруға өтініш берді, 58 түлек жеңілдетілген несиелеуді қолдануға шешім қабылдады. Қалған қатысушылар жақын арада грант және жеңілдікпен несие алу байқауына қатысуға толық қолдау алады.

Мәселен, көп балалы ана Бану Сарина сүт түйелерін сатып алып, шұбат өндіруді жоспарлап отыр. Ол Ырғыз облысының тұрғыны. Бұрын Бану Сарина сұлулық индустриясында жұмыс істеді, кірпік, тырнақ және т.б. қызмет көрсетті.

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласының тұрғыны Маусымжан Жұмабаева монша мен азық-түлік дүкенін ашуға жеңілдетілген несие алу үшін құжаттар пакетін дайындауда. Мемлекеттік қызметтегі 16 жылдық жұмысынан кейін көп балалы ана өз ісін ұйымдастыруға бел буды.Айта кетелік, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы «Бастау» жобасының алдыңғы жылдардағы түлектеріне және аталған бағдарламаның бірінші бағытындағы қысқа мерзімді крус тыңдаушыларына 178,5 млн теңге сомасында 327 грант бөлінді. 

Бұдан бөлек, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы «Бастау» түлектерінің 45 жобасы  жалпы сомасы 155,7  млн теңгеге жеңілдікпен несие алды. 

Естеріңізге сала кетейік, «Бастау» жобасы азаматтарды кәсіпкерлік дағдыларға тегін оқытуға, бизнес-жобаларды қолдауға бағытталған.  

Осы жобаға қатысушылар жұмыспен қамту орталықтарында, жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарында тіркелмегеніне қарамастан қатыса алады. Оның ішінде ауылдық жерлерде, қалаларда, моноқалаларда тұратын адамдар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, 50 жастан асқан зейнет жасқа жетпеген адамдар, 18-29 жас аралығындағы жастар. Оқу мерзімі 21 күн. Тренинг аяқталғаннан кейін «Бастау» жобасы бойынша курстарды аяқтағаны туралы сертификат беріледі. Бұл сертификат Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 200 АЕК-ке дейін грант алуға, сондай-ақ жеңілдетілген несие алуға өтініш бере алады. 

Жобаға қатысу үшін сіз жұмыспен қамту орталықтарына оқуға өтінішпен жүгінуіңіз керек, өтінішпен бірге жеке куәліктің көшірмесі беру қажет. Өтініш беруші жобаның мақсатты тобына сәйкестігін растағаннан кейін келесі қадам – оқуға жолдама алады. Кейін – Кәсіпкерлер палатасына хабарласу керек.

«Бастау» жобасына қатысу туралы толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (7132) 744-615 (ішкі: 1514), +7 771 603 0603 - «Бастау» жобасының кеңесшісі, +7 707 946 1295 (жұмыспен қамту орталығы)


Еншілес ұйымдар

Серіктестер