«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбелік кәсіпорындарға 52 тәлімгер дайындалды

2021 жылғы 27 Тамыз
- Ақтөбе облысы
7708 просмотров

Өңірдегі колледждердің әлеуметтік серіктестері – кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері Ақтөбе облысы Тәлімгерлік мектебін аяқтап,  тәлімгер атанды. Онлайн-оқытуды «Атамекен» ҚР ҰКП мультипликатор-тренерлері Ләззат Шонаева және Елнұр Бекташов өткізді («Talap» КеАҚ).

Ұлттық палата өндірісте білікті тәлімгерлер тапшылығы мәселесін шешу үшін 2018 жылы Тәлімгерлік мектебін ұйымдастырды. Жоба тиімділігін дәлелдеді және еліміздің барлық өңірінде табысты іске асып жатыр. Биыл жобаға ақтөбеліктер де қосылды.

«Тәлімгерлік институтының көмегімен жаңа қызметкерлерді өндіріске бейімдеу және оқыту бойынша ұйымдастырушылық міндеттер табысты шешіледі, кәсіпорындардың кадр саясаты іске асырылып, мамандар әлеуетін нығайту, өндірісті дамытуға оң әсер етеді. Өңірімізде алғаш рет 52 маман оқып шықты. Олардың барлығы белгіленген үлгідегі сертификатты алып, ҰКП жүргізіп жатқан тәлімгерлер тізіліміне енді», – деді Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасова.

Оқуға өңірдегі 28 кәсіпорынның қызметкерлері, оның ішінде 10 ірі және 18 шағын кәсіпорыннан қатысты. Олардың қатарында «ПО Глобал–Спецодежда» ЖШС, «Ақтөбе сигнал беру және байланыс дистанциясы» және «Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы», «Ақтөбе медициналық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК, «Автоцентр Ақтөбе» ЖШС, «Сарбасов Н.Ж.» ЖК, «Родники–Агро» ЖШС, «Іскер-маман» ЖШС және басқа да кәсіпорын бар.

 «Оқып шыққан тәлімгерлер қатарында  «ПО Глобал–Спецодежда» ЖШС мамандары бар. Кәсіпорын жанынан «Үміт» оқу-өндірістік кешені жұмыс істейді, онда студенттер тігіншілік бойынша біліктіліктен өтеді. Бұл оқу орталығында бірден дуальды оқытудың жол картасына кірді, өйткені оларда өндірістік оқыту мен практиканың 60%-ы сақталады. Осыған байланысты оларға кейіннен өндірістік практикаға келген студенттермен жұмыс істейтін қызметкерлерді оқыту қажет болды. Нәтижесінде «Атамекен» осы кәсіпорынның қызметкерлері арасынан 6 сертификатталған тәлімгер дайындап шықты. Кәсіпкерлерге қажетті шара тегін жүргізіледі», – деп атап өтті ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Азамат Бұрымбаев.

Тәлімгерлерді оқыту процесі 2 күнге жалғасады. Биыл оқу онлайн-форматта жүргізілді.

«Бізге нағыз өндірісті көрмеген, бірақ теориялық білімі бар адамдар келетіні жасырын емес. Маманның қызметке құштарлығы арта ма, я болмаса мүлде жұмыс істегісі келмей қалатыны тікелей тәлімгерге байланысты. Осы күндері біз өндірістегі тәлімгердің міндеттері, құқығы мен мақсаттары несімен ерекшеленеді, тәлімгерді даярлаудың ерекшеліктері қандай, даулы жағдаймен қалай жұмыс істеу керек сынды сұрақтарға жауап алдық. Осындай семинар мен сауатты спикерлер үшін Ұлттық палатаға алғыс айтамыз. Жас мамандарға біліктілікті үйретіп, тәжірибемен бөлісу маңызды. Өз кәсіпорнымыз үшін алдағы уақытта да мамандарды оқытамыз», – деді «Глобал–Спецодежда» ЖШС Надежда Шабаева.

Мұғалжар ауданының кәсіпкері Наурызбек Сарбасов та жобаның маңызды екенін атап өтті. Өңірлік кеңестің белсенді мүшесі бірнеше жыл бойы аудандық колледж оқушылары кәсіпкердің еондитерлік цехында тәжірибеден өтіп жүр.

«ҰКП тренерлерінің көмегімен кәсіпкерлер арасынан жоба тыңдаушылары өздерінің тәлімгерлік жұмысында кадр даярлау, жас мамандарды қолдау, оларды еңбекке ынталандыру бойынша бағыт алды. Ембі қызмет көрсету саласы колледжімен бірлесіп, алынған материалды ескеріп, нақты жұмыс жоспарын әзірлеуге ниеттіміз», – дейді кәсіпкер.

Дуальды оқыту жүйесін енгізудің жол картасына Ақтөбе облысының 44 мамандық және 56 біліктілік бойынша 29 колледжі қосылған. Бүгінде 2509 студент 276 кәсіпорынмен шарт жасасты.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер