«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетіне жаңа төраға сайланды

24 Қыркүйек 2021
3287 просмотров

«Атамекен» ҰКП Төралқасы Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитеті кезекті жиналыс өткізіп, онда комитет мүшелері дауыс беру арқылы жаңа төрағаны сайлады.

Комитет төрағалығына депутат Ирина Смирнова сайланды. Бұған дейін бұл қызметті Талғат Доскенов атқарды.

Бүгінгі отырыста бұрынғы төраға Талғат Доскенов өз қызметін қорытындылап, әріптестеріне жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, төраға қызметіне сайлау үшін Ирина Смирнованың кандидатурасын ұсынды. Бірауыздан қабылданған шешіммен Ирина Смирнова төрайым болып сайланды.

Отырыста жаңа төраға биылғы жылға арналған міндеттерді белгіледі. Атап айтқанда, комитет Ұлттық палатаның әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі міндеттерін шешу үшін бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік билік органдарымен тиімді өзара іс-қимылы бойынша жұмысты жалғастырады.

 «Мен бұл комитеттің жұмысымен жақсы таныспын. Қандай мәселелерді қолға алу керегін білеміз. Кәсіпкерлерімізді қолдау үшін атқарушы және мемлекеттік билікпен байланыс орнату өте маңызды. Ұлттық палатаның әлеуметтік жобасын ерекше атап өткім келеді, бұл жоба қарапайым азаматтар үшін әлеуметтік демеу болды. Комитет басшылығы қызметіне қуана кірісемін, отандық бизнес-ортаны бірге дамытамыз деген ойдамын», – деді Ирина Смирнова.

Қысқа мерзімді міндеттерден басқа, комитет мүшелері ұзақ мерзімді перспективаға арналған жобаларды, атап айтқанда, мектеп және студенттік кәсіпкерліктің қосалқы комитет құруды талқылады. Жақын арада қосалқы комитет жастар кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған қызметін бастайды.

Айта кетейік, комитеттің міндеттеріне әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік мәселелеріне қатысты Ұлттық палата үшін ұсыныстарды талдау және әзірлеу кіреді. Атап айтқанда, саладағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалық тәсілдерін әзірлеу, білім, ғылым, мәдениет, спорт, қайырымдылық мәселелерін қоса алғанда, адами капиталды дамыту. Сондай-ақ, комитет Қазақстан Республикасының сала мәселелері бойынша заңнамасын жетілдіру, жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдаумен айналысады.  Ирина Смирнова 1960 жылы 21 шілдеде Қырғыз КСР Ыстыққөл облысында дүниеге келген. 

 

  • 1977-1983 жылдары – Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту Орденді Қазақ педагогикалық институты, мамандығы «орта мектебінің биология пәні мұғалімі»; 
  • 1979-1983 жылдары – Қазақ КСР Жамбыл облысы №22 орта мектебінің биология пәні мұғалімі; 
  • 1983-1984 жылдары – КСРО АШМ ҒЗИ Ауыл шаруашылығының лаборанты; 
  • 1984-1991 жылдары – Қазақ КСР Жамбыл облысы №22 орта мектебінің биология пәні мұғалімі, сыныптан тыс және штаттан тыс жұмыс ұйымдастырушы; 
  • 1991-1993 жылдары – Көкшетау облысы Рузаевка ауылында Рузаев орта мектебінде сыныптан тыс және штаттан тыс жұмыс ұйымдастырушы, оқу-тәрбие жұмысының директордың орынбасары, Рузаев орта мектебінің директоры; 
  • 1993 жылдары – Алматы қаласы № 91 орта мектебінің оқу-тәрбие жұмысының директордың орынбасары; 
  • 1996-2006 жылдары – Алматы қаласы № 68 орта мектебінің директоры; 
  • 2010-2011 жылдары – Алматы қаласы № 9 оқушылар Үйінің директоры; 
  • 2011-2016 жылдары – Алматы қаласы № 48 мектеп-лицейінің директоры; 
  • 2016 жылдың наурызынан бастап 2021 жылдың 14 қаңтарына дейін партиялық тізім бойынша «Халық коммунистері» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

Марапаттары:

  •  «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» төсбелгісі; 
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі; 
  • «Құрмет» ордені, «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медалі; 
  • «Медеу ауданың дамытуға үлесі қосқан үшін» медалі; 
  • «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» медалі; 
  • «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен марапатталған.

 

 


Серіктестер