«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде іскер әйелдерге кірістер мен шығыстарды бақылауды үйретті

2023 жылғы 24 Ақпан
- Ақтөбе облысы
5666 просмотров

Іскер әйелдерге арналған қаржылық сауаттылық және бухгалтерлік есеп бойынша тренингті Ақтөбе облысының іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ұйымдастырды.

Тренинг барысында әйелдер мен қыздар негізгі қаржылық дағдыларға ие болды, мысалы: 2023 жылы салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы, салық салу режимін таңдау, ЭШФ АЖ-да тіркеу және ЭШФ жазып беру, онлайн кассаға қалай тіркелуге болады, сондай-ақ салық төлеушілер кабинетіне қалай кіру және салық есептілік нысандарын толтыру.

«Тренинг тек жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін ғана емес, өз бизнесін бастауды жоспарлап отырғандар үшін де зор қызығушылық, нақты қажеттілік пен практикалық пайда көрсетті. Тренингте тыңдаушылар өз қаржысын қалай басқаруға, бюджетті жоспарлауға, қаражатты сауатты пайдалануға қатысты нақты сұрақтарға жауап алды. Ең көп сұрақтар салық салу, бухгалтерлік есеп төңірегінде болды. Қатысушылар қаржылық сауаттылықтың маңызды құралдарын игерді, және күнделікті жұмысында пайдаланатының үміттенеді», — деп атап өтті шақырылған жаттықтырушы, «Ақбөбек» компаниялар тобының қаржы директоры Жанара Иманғалиева.

Бұл Ақтөбе және облыс тұрғындары үшін әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығынан биылғы жылдың алғашқы офлайн тренингі.

«Қазіргі әйелдер өздерінің бизнес-жобаларын іске қосудан және дамытудан қорықпайды. Алайда, біздің клиенттеріміздің айтуынша, олардың ісін дамытудағы кедергілердің бірі — бизнестің қаржылық жағы қалай жұмыс істейтіні туралы сапалы білімнің болмауы және бұл тіпті үлкен әлеуетке ие болса да істің құлдырауына әкелуі мүмкін. Біздің функциямыз — қолдау шаралары, ментордан сүйемелдеу қызметтері, салалық оқыту және т.б. бойынша консультацияларды уақтылы ұсыну. Өткен жылы 10 ақтөбелік Орталықтың қолдауымен өз ісін ашты немесе кеңейтті. Мыңнан астам қызмет көрсетілді және үш бейіндік оқыту ұйымдастырылды», — деп түсіндірді өңірлік палата директоры Дана Бекбауова.

Егер статистикалық деректерге сүйенетін болсақ, Ақтөбе облысында ағымдағы жылдың басында жұмыс істеп тұрған ШОБ саны 82,6 мың бірлікті құрады, оның ішінде басшылар әйелдер болып табылатын компаниялар шамамен 52,6% немесе 44 мың. ЖК арасында бұл көрсеткіш 57,5% немесе шамамен 40 мың бірлікті құрады.

«Біздің мақсаттарымыздың бірі — бастамашыл қыздар мен әйелдерге бизнес–идеяларды жүзеге асыруға көмектесу және оларға өз істерін тиімдірек басқаруға көмектесу. Келесі тренинг 28 ақпанда кәсіпкерлер палатасында «Келіссөздер және сату» тақырыбында өтеді. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Тренингтерге қатысу тегін. Барлық ниет білдірген әйелдерге палатаның әлеуметтік желілердегі ресми беттеріндегі хабарландыруларды қадағалап отыру жеткілікті немесе бізге Орталыққа келу», - деп толықтырды ӘКДО үйлестірушісі Ләззат Жаманқұлова.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы өткен жылдың наурыз айында Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының базасында ашылды. Жобаны ҰКП барлық өңірлерде БҰҰДБ мен Азия Даму Банкінің бастамасымен және қолдауымен жүзеге асыруда.

ӘКДО қызметі барысында барлығы 570-ке жуық ақтөбелік әйел қызметтерді пайдаланды. Оның 70-і ағымдағы жылдың басынан бері.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер