«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысында жатақханалар мен мектептер салу кезінде инвесторлар кеткен шығындарды қайтарып ала алады

2023 жылғы 03 Сәуір
- Ақтөбе облысы
5822 просмотров

Ақтөбе облысының студенттік жатақханаларында төсек-орын тапшылығы 360 орынды құрайды. Бұл көрсеткішті жақын арада жоғары оқу орындарымен және кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл жасау арқылы екі есеге қысқарту жоспарлануда. Бұл туралы «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері Әлеуметтік сала және адами капиталды дамыту комитеті аясында өткен бизнесмендермен кездесуде мәлімдеді.

Қаржы орталығы Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп кәсіпкерлердің, мемлекеттік органдар, қаржы институттары мен оқу орындарының өкілдерінің қатысуымен «RoadShow» форматында ақпараттық акция ұйымдастырды. Іс-шара барысында инвесторлар мен құрылыс салушыларға шығындарды өтеу шарттары туралы ақпарат ұсынылды.

Осы бағдарламаның операторы болып табылатын ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ өкілдерінің айтуынша, бүгінде республика бойынша студенттердің тұруы үшін 62 мыңнан астам төсек-орын құру қажет. Бұл мәселені шешу үшін студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі әзірленді, ол құрылыс салушыға мемлекет тарапынан инвестициялық шығыстарды кезең-кезеңімен өтеуді және бизнес субъектілерінің студенттік жатақханаларды салуға және қайта құруға кеңінен қатысуын көздейді.

Тыңдаушыларға, мысалы, жобаға қатысуға ниет білдірген құрылыс салушы объектіні өз қаражаты есебінен салатынын, ал пайдалануға берілгеннен кейін алты-сегіз жыл ішінде әрбір нақты орналасқан орны үшін мемлекеттен төлемдер алатынын түсіндірді.

Инвестор сонымен қатар коммерциялық алаңдардан қосымша табыс ала алады, яғни жатақхана базасында асханалар, шаштараздар және басқа да тұрмыстық нысандарды ашуға болады.

«Шарттарға сәйкес объектілерді салу немесе реконструкциялау құрылыс салушының өз қаражаты есебінен жүргізіледі. Құрылыс кезінде объектіні пайдалануға бергеннен кейін мемлекеттік тапсырысты 6 жыл ішінде, қайта құру кезінде – 8 жыл ішінде ай сайынғы негізде орналастыруға кепілдік беріледі. Төлемдер нақты әр студенттің тұруы үшін жасалады. Бірінші жыл ішінде мемлекеттік тапсырыс түзету коэффициентін ескере отырып төленеді, яғни тұратын студенттердің саны екіге көбейтіледі, бірақ жобалық қуаттан аспайды. Ағымдағы жылы құрылыс бойынша төлем мөлшері бір төсек-орынға жылына 195 АЕК (Алматы қаласы үшін – 230 АЕК), қайта жаңарту бойынша – бір төсек-орынға жылына 47 АЕК (Астана және Алматы қалалары үшін – 92 АЕК) құрайды», — деп хабарлады «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаменті директорының орынбасары Диас Джамбулов.

ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Айнұр Баймұратованың ақпараты бойынша, бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері – 2018 жылы, Ақтөбе облысында 1 162 төсек-орынға арналған төрт жатақхана іске қосылды. 2023 жылғы наурыздағы жағдай бойынша Ақтөбе қаласы бойынша студенттік жатақханалардағы орындарға қажеттілік 360 төсек-орынды құрайды. Ағымдағы есептеулер бойынша Ақтөбе облысындағы оқушы орындарының қажеттілігі 16 321 құрайды.

Кездесуге қатысушылар пікір алмасты. «Атамекен» өңірлік палатасы ұсынған ақпарат барлық мүдделі бизнес субъектілеріне жеткізетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер