«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Машина жасау саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспар «Ашық НҚА» порталында жарияланды

2023 жылғы 06 Маусым
6089 просмотров

Сараптамалық қорытынды беру үшін  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы келіп түсті.

 Кешенді жоспар алдағы бес жылға саланы дамытудың негізгі бағыттарын қамтиды. Олардың ішінде машина жасау саласы өндірісінің көлемі және сатып алудағы елішілік құндылықты арттыру, инвестиция тарту, өндірістік және экспорттық мүмкіндіктерді дамыту, отандық өнім үшін өткізу нарықтарын кеңейту және сала үшін білікті маман дайындау жүйесін жетілдіру бар. Кешенді жоспарды іске асыру отандық машина жасауды дамытудың түбегейлі жаңа деңгейіне шығарады деп күтілуде.

Сайтта жобаны талқылаудың аяқталу мерзімі – осы жылдың 14 маусымы деп белгіленген.

Осыған байланысты мүдделі бизнес-қоғамдастықтан жобаны қарап, өз ұсыныстары мен ескертулерін 2023 жылғы 12 маусымға дейінгі мерзімде «Атамекен» ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментінің мына электрон мекенжайына жіберуді сұраймыз: dop@atameken.kz.

 Еске салсақ, Қазақстан машина жасаушыларының ХІ форумында Әлихан Смайылов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың   машина жасау саласының инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыру, саланың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға қатысты тапсырмасын айтты. Ол бойынша Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған тиісті кешенді жоспары әзірленгені атап өтілді.

 Анықтама: қазіргі кезде машина жасауды дамыту ҚР премьер-министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 115-ө өкімімен бекітілген Машина жасауды дамытудың 2024 жылға дейінгі жол картасында қарастырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер