«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбелік кәсіпкерлерді қазақ тіліне үйрете бастайды

2024 жылғы 18 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
6006 просмотров

Ақтөбелік кәсіпкерлер үшін қазақ тілін тегін оқыту курстары жоспарланды. Тілдерді дамыту басқармасы мен Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы арасында тиісті меморандумға қол қойылды.

Өңірлік палатаның директоры Дидар Боранқұлов атап өткендей,  «Атамекенде» бизнес-қоғамдастықта тіл саясатын насихаттау жөніндегі жұмысты жандандыру көзделген.

 «Меморандум кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған, алдағы уақытта оларға тілдік білім беру саласында әдістемелік көмек көрсетілетін болады. Мақсат - өңір кәсіпкерлері мен Палата қызметкерлері арасында тіл саясатын насихаттау бойынша жұмысты жандандыру. Бұл тренингтер тыңдаушыларға мемлекеттік тілде қажетті базалық сөз тіркестерін үйренуге мүмкіндік береді, қарым - қатынас жасауға көмектеседі», – деп атап өтті ӨКП басшысы.

 «Сондай-ақ, меморандум аясында кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылады, онда біз визуалды ақпаратты орналастыру және қызмет көрсету кезінде осы заңнамалардың талаптарын сақтау қажеттілігіне назар аудара отырып, « ҚР тілдері туралы», «Жарнама туралы» ҚР Заңдарының талаптарын түсіндіреміз. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі негізде жүргізілетін болады», - деп толықтырды тілдерді дамыту басқармасының басшысы Амангелді Қонақбаев.

 

Кәсіпкерлердің мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтудегі жетістіктері БАҚ арқылы насихатталатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер