«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылорда облысында кадр қажеттілігін анықтау бойынша жұмыс берушілер арасында сауалнама өткізілуде

2025 жылғы 17 Қаңтар
- Қызылорда облысы
400 просмотров

Ел Президентінің Жарлығына сәйкес 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Жұмысшы кадрлар қазақстандық еңбек нарығының негізі болып табылады және білікті орта буын мамандарына сұраныс жылдан-жылға артып келеді.

Жыл сайын «Атамекен» ҰКП ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жұмыс берушілрдің кадрларға ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қажеттілігіне талдау жүргізеді және оның алғашқы кезеңі жұмыс берушілердің арасында сауалнама жүргізу болып табылады. Ағымдағы жылы аталмыш сауалнама 2024 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2025 жылдың 15 ақпанына дейін жалғасады. Қызылорда облысы бойынша бұл жұмысты өңірлік кәсіпкерлер палатасы жүргізуде.

«Кәсіпорындар арасында кадр қажеттілігі бойынша сауалнама жүргізу әрбір жұмыс берушіге жұмысшы кадрларды даярлаудың сапасы дайындық деңгейіне қоятын өздерінің кәсіби талаптарын, кадрларға деген өз қажеттіліктерін, жаңа мамандықтар атауларын, сондай-ақ колледж студенттерін дуальді оқытуға даярлығын көрсетуге мүмкіндік береді», - деді адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Г.Альназарова.

Сауалнама нәтижелері білікті жұмысшы кадрларын даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге негіз болады.

Құрметті кәсіпкерлер, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы кадр қажеттілігін анықтау бойынша сауалнамаға қатысуға шақырады. Сауалнаманы келесі сілтеме бойынша өте аласыздар https://www.enbek.kz/ru/anketa


Еншілес ұйымдар

Серіктестер