«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тұрақты туризм жайындағы сессия: тәжірибе алмасу және инновациялық шешімдер

2025 жылғы 10 Ақпан
- Алматы қаласы
446 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

2025 жылдың 6-7 ақпанында Алматыда тұрақты туризм саласындағы өзекті трендтерге арналған екі күндік сессия өтті. SWITCH-Asia жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара қонақүй бизнесінің өкілдерін, туроператорларды, оқытушылар мен Қазақстанның бейінді қауымдастықтар мүшелерін жинады. Бұл іс-шара қатысушыларға даму перспективаларын талқылауға және тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік ұсынып, тұрақты туризм тұжырымдамасын ілгерілетудегі маңызды қадам болды.

Негізгі назар айналымды экономикаға, жауапты тұтыну мен өндіріске, сондай-ақ қазақстандық туризмді жаңа деңгейге көтере алатын озық халықаралық тәжірибелерді енгізуге аударылды. Тұрақты даму мәселелері экономиканың барлық секторларымен қатар туризм үшін де маңызды. Сессия барысында қатысушылар айналымды экономика мен жауапты тұтынуды туристік индустрияға енгізу жолдарын талқылап, адамның экологияға әсерін азайту мен қызмет сапасын жақсартудың мүмкіндіктерін қарастырды.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бастамаларына ерекше назар аударылды. Палата өкілдері Қазақстанның туристік саласына орнықты даму қағидаттарын енгізуді қолдауға бағытталған бірқатар ұсыныстар жасады. Қонақүй және туристік бизнеске арналған жаңа стандарттағы ресурстарды тиімдірек пайдалану үшін жағдай жасауды, сондай-ақ компаниялардың экологиялық жауапкершілігін арттыруды көздейді.

Сессия сонымен қатар тәжірибе алмасудың және инновациялық шешімдерді іздеудің маңызды алаңына айналды, бұл әсіресе экологиялық таза және жауапты туризмге деген қызығушылықтың күрт өсуі жағдайында өте маңызды. Қатысушылар әлемнің үздік тәжірибелермен танысуға және олардың қазақстандық нарыққа қалай бейімделетінін талқылады.

Мұндай іс-шаралар туристік нарықтың әртүрлі қатысушылары, соның ішінде мемлекеттік органдар, бизнес және білім беру мекемелері арасындағы серіктестікті нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер