«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Білім. Серіктестік. Болашақ.

2025 жылғы 17 Сәуір
- Алматы қаласы
1087 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматыда «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі (ТжКБ) халықаралық ынтымақтастықтың көкжиегі» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері бойынша халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны Алматы технологиялық-қаржы және инновациялық-техникалық колледжі ұйымдастырды. Бастама жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты - халықаралық байланыстарды нығайту, білім берудегі тәжірибемен алмасу, сондай-ақ қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлаудың өзекті тәсілдерін талқылау.

Іс-шараға:

  • Алматы қаласы білім басқармасы,
  • «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы,
  • Алматы колледждері,
  • әлеуметтік серіктестер өкілдері 

сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркиядан келген халықаралық сарапшылар қатысты.

Қатысушылар кәсіптік оқытуды дамыту бағдарламаларымен бөлісе отырып, ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа ниет білдірді.

«Біз ынтымақтастық орнатуға қуаныштымыз. Біз биыл жаңа жобаларды іске асыра бастадық. Дегенімен, кез келген басқа оқу орны сияқты, біз Қазақстанда қандай тәжірибелер қолданылатынын көргіміз келеді және олардың кейбірін өзімізде енгізуге ниеттіміз», - деп ой бөлісті Мәскеу облысының Ресей мемлекеттік туризм және сервис университеті жанындағы гастрономиялық-креативті индустрия орталығының басшысы Владимир Олейников.

«Ұлттық біліктілік жүйесі аясында колледждердегі білім беру сапасына педагогтардың да даяр сапасы әсер ететінін айтып отырмыз. Бұл конференцияда әртүрлі тәжірибелер мен тағылымдамаларды ұйымдастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді, бұл біздің кәсіби білімімізді одан әрі жақсартуға әсер ететіні сөзсіз. Біз сынды әлеуметтік серіктестер үшін бұл өте маңызды», - деп атап өтті Қазақстанның азық-түлік кәсіпорындары одағы қауымдастығының жоба жетекшісі Инна Митрофанова.

Басқосуды қорытындылай келе Алматы технологиялық-қаржы және инновациялық-техникалық колледжі мен бірқатар шетелдік білім беру және кәсіптік ұйымдар арасында меморандумдарға қол қойылды.

Жаңа уағдаластықтар бірлескен бағдарламаларды іске асыруды, академиялық алмасуларды, шеберлік сыныптарын, тағылымдамаларды өткізуді және ТжКБ саласында халықаралық білім беру жобаларын дамытуды көздейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер