Мақта саласына арналған халықаралық стандарттар
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында мақта өсіру және өңдеу саласында тұрақты тәжірибелерді дамытуға бағытталған семинар өтті. Іс-шараны «АӨК кредиттік серіктестіктер қауымдастығы» ЗТБ, Better Cotton Initiative (BCI) және FairTrade халықаралық ұйымдары және палата бірлесіп ұйымдастырды.
Семинардың негізгі мақсаты – жергілікті фермерлер мен кәсіпорындарды BCI (тұрақты мақта) және FairTrade (әділ сауда) стандарттарымен таныстыра отырып, бәсекеге қабілетті әрі экологиялық тұрақты өндірістік тәжірибелерді енгізуге қолдау көрсету.
Шара барысында келесі маңызды мәселелер қаралды:
• BCI және FairTrade сертификаттарының маңызы мен артықшылықтары;
• Мақта өндірісі мен өңдеу тізбегіндегі халықаралық стандарттардың рөлі;
• Сертификаттау талаптары мен рәсімдері;
• Экспорттық мүмкіндіктер, бағалық үстеме және көрші елдердің тәжірибесі;
• Мақта өндірушілер, өңдеуші зауыттар мен тоқыма кәсіпорындары арасында ынтымақтастықтың келесі қадамдары.
Жобаның басты мақсаты – агроөнеркәсіп саласының әлеуетін арттырып, халықаралық стандарттар арқылы тұрақты дамуға жол ашу.
Семинар соңында қатысушыларға арналған кофе-брейк ұйымдастырылып, бейресми пікір алмасуға мүмкіндік жасалды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: