Өндіріске бір қадам: оқушылар кондитер цехында кәсіби бағыт алды
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Dinara cake and bakery» кондитерлік цехына танымдық экскурсия ұйымдастырды.
⠀
Оқушылар торт пен тәттілердің жасалу барысын өз көздерімен көріп, өндірістегі тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын сезінді. Кәсіп иелерімен тілдесіп, болашаққа бағыт болар кеңестер алды.
⠀
Экскурсия соңында балалар шабыттанып, көтеріңкі көңіл-күймен оралды.
⠀
Бұл шара:
* кәсіби бағдар беруге,
* жұмысшы мамандықтарға қызығушылықты арттыруға,
* мектеп пен өндіріс арасындағы байланысты күшейтуге бағытталды.
⠀
Палата білім беру бағдарламаларын жаңғыртып, оқушылардың заманауи дағдыларды игеруіне жағдай жасауды жалғастырады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: