«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан мен Әзірбайжан тоқыма өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты ресми түрде растады

2025 жылғы 24 Маусым
720 просмотров

Халықаралық салалық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды шара «Атамекен» ҰКП алаңында өтті.

ҚР «Qaz Textile Industry» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының «өзін-өзі реттейтін ұйымы» және Әзірбайжан Республикасының KOBSKA қауымдастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжатқа «Qaz Textile Industry» ӨРҰ Басқарма төрағасы Гүлмира Уахитова мен KOBSKA қауымдастығы Тоқыма өнеркәсібі комитетінің төрағасы Жасур Алиев қол қойды.

Келісімнің мақсаты – іскерлік байланыстарды жандандыру, саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ өңірлік және халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндіктерін кеңейту.

Меморандумға қол қою – Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы экономикалық байланысты нығайту жолындағы кезекті қадам. Біз жеңіл өнеркәсіп саласында серіктестікті дамыту, шағын және орта бизнесті бірлесе қолдау, тәжірибе алмасу, сондай-ақ қос елдің өндірушілері, экспорттаушылары мен инвесторлары арасында бірлескен жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткіздік», – деді Гүлмира Уахитова.

Меморандумға қол қойылу қос тараптың экономиканың маңызды салаларының бірі – жеңіл өнеркәсіп бойынша орнықты, стратегиялық бағытталған және өзара тиімді серіктестік құруға деген нық ұмтылысын көрсетеді.

Айта кетейік, Қазақстан Әзірбайжанмен сауда көлемі бойынша ТМД елдерінің ішінде үшінші орынға шықты. 2024 жылы екі ел арасындағы өзара тауар айналымы $533,4 млн құрап, тарихи рекорд орнатты. Бұл көрсеткіш бес жыл бұрынғы деңгеймен салыстырғанда 5 есеге артқан.

Бүгінде Әзірбайжанда Қазақстанның Сауда үйі жұмыс істеп тұр. Оның мақсаты – «Made in Kazakhstan» белгісі бар тауарларды дистрибуциялаудағы сауда кедергілерін болдырмау үшін ұсыныстар мен ұсынымдар табылады. Оған ұқсас сауда үйі Қазақстанда да бар және өзара қызығушылықты көрсетеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер