Шығыс Қазақстан облысында «Кәсібі Маман» байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылды
«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы білім басқармасымен бірлесе отырып, өңірде дуальды оқытуды дамытудың нәтижелері мен келешегін қорытындылады.
Қатысушылар дуальды оқытуды енгізу тәжірибесімен бөлісіп, жүйенің қазіргі жағдайын талқылады. Сондай-ақ, жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және жастардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру мәселелері қозғалды.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда еліміз бойынша дуальды оқытуға 460 колледж және 9 439 кәсіпорын қатысып, 94 мыңнан астам студент білім алуда. Шығыс Қазақстанда дуальды білім беру көрсеткіштерінің жыл сайын артуы байқалады, 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша дуальді оқыту жүйесінде 28 колледж, 663 кәсіпорын, 149 сертификатталған кәсіпорын тәлімгері және 5 мыңға жуық студент бар.
«Дуальді оқыту – мамандарды даярлаудағы ең тиімді бағыт. Дуальды оқытуға қатысатын кәсіпорын студенттердің тәжірибелік сабақтарын өткізуге орын беріп қана қоймайды, сонымен қатар оқу процесін өз қажеттіліктеріне бейімдеп, кадрларды даярлау сапасын арттыра отырып, болашақ мамандарды белсенді түрде қалыптастырады», - деп атап өтті Қайрат Мамырбаев.
Бүгін Өскемен ЖЭО мен Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі жемісті ынтымақтастық пен дуальды оқытуды дамытуға бағытталған меморандумға қол қойды.
Айта кету керек, Өскемен ЖЭО корпоративтік оқыту орталығы колледждермен және университеттермен жемісті жұмысты алғашқылардың бірі болып бастады.
«Кәсіпорында кадрлық саясатты дамыту және жас мамандарды дайындау стратегиясы әзірленеді, сондықтан студент оқу процесінің көп бөлігін кәсіпорында өткізіп, өндірістік қызметпен айналысқан кезде дуальды оқыту жүйесі тамаша нәтиже береді.» – деді «Өскемен ЖЭО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің корпоративтік оқу орталығының басшысы Наталья Слабодчикова.
Биыл елімізде «Атамекен» ҚР ҰКП алғаш рет Жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Кәсіби маман» байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың бірінші кезеңі – аймақтық деңгейдегі іріктеу кезеңі, одан кейін жеңімпаздар республикалық кезеңде Шығыс Қазақстан намысын қорғайды.
Келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар:
1) «Үздік кәсіпорын – кадрлар даярлауға қатысушы» - «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ;
2) «Жұмысшы кадрларды даярлау жөніндегі үздік колледж» - Өскемен көпсапалы технология колледжі;
3) «Өндірістегі үздік тәлімгер» - Токушев Ернур Болатович «Өскемен ЖЭО» ЖШС қазандық цехының аға машинисі.
Өңірдің кәсіпорындарын ынтымақтастыққа шақырамыз. Қосымша сұрақтар бойынша ШҚО Кәсіпкерлер палатасына 8 (7232) 742-954 телефоны бойынша хабарласуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: