«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Индустриялық сертификаттау

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстан Рсепубликасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген отандық тауар, жұмыс, қызмет өндірушілердің тізілімін қалыптастырып, жүргізіп келеді. Аталған тізілім ерікті түрде Ұлттық палатаның Төралқасымен бекітілген тәртіпте қалыптастырылады.

 Тізілімге енген кәсіпорындарға отандық өндіруші мәртебесін растайтын Индустриялық сертификат беріледі.

 Отандық өндірушілер тізіліміне қосылу үшін электронды сандық қолтаңба арқылы  doc24.kz сайтында тіркеліп, жеке кабинетте өтінім және электронды құжаттар топтамасын өндірістің территориялық орналасуы бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жіберу қажет.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Тізіліміне қосу процедурасы  9 жұмыс күні мерзім ішінде тегін жүргізіледі.

 Өндіруші Тізілімге 3 жылдық мерзімге ары қарай ұзарту мүмкіндігімен тіркеледі.

 Отандық тауар, жұмыс, қызмет өндірушілердің тізілімі Ұлттық кәсіпкерлер палатасының интернет-ресурсында жарияланады.

 

Отандық тауар, жұмыс, қызмет өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережелері және Индустриялық сертификатты беру 

Отандық тауар, жұмыс, қызмет өндірушілерді тізіліміне енгізу және Индустриялық сертификатты беру үшін қажетті мәліметтер мен құжаттар тізбесі

Тауар, жұмыс, қызмет өндірісі жағдайына талдау жүргізу бойынша нұсқаулық

Отандық тауар, жұмыс, қызмет отандық тауар өндірушілердің тізіліміне қосылуға соынмен қатар Индустриялық сертификатты алуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлік субъектілеріне арналған нұсқаулық

Ұлттық палатаның салалық сарапшыларының тізімі  

Серіктестер