«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

2019 ЖЫЛҒА МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНА

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 2019 жылға арналған міндетті мүшелік жарналар туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағына сәйкес «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Съезде келесі шешімдерді (2016 жылғы 16 маусымдағы №3 хаттама) қабылдағаны туралы хабарлайды:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінің топтары ішінде сатылау белгіленсін және міндетті мүшелік жарналардың келесі мөлшерлері бекітілсін:

  2019 ЖЫЛҒА МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНА МӨЛШЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 

Топ 

Градация

Жылдық жиынтық табыс, АЕК (2018 жылғы АЕК)*  

2018 жылдағы жылдық жиынтық табыс (теңгеде)

Жарналар мөлшері

(2019 жылда АЕК-те)**

бастап

дейін

бастап

дейін

АЕК

теңге

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының            29-бабы 2-тармағының                   2) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері

1

60 000

150 000

144 300 000

360 750 000

80

202 000

2

150 000

420 000

360 750 000

1 010 100 000

105

265 125

3

420 000

690 000

1 010 100 000

1 659 450 000

130

328 250

4

690 000

1 500 000

1 659 450 000

3 607 500 000

155

391 375

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының             29-бабының 2-тармағы                    3) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері

5

1 500 000

2 310 000

3 607 500 000

5 555 550 000

505

1 275 125

6

2 310 000

3 120 000

5 555 550 000

7 503 600 000

1 010

2 550 250

7

3 120 000

3 930 000

7 503 600 000

9 451 650 000

1 515

3 825 375

8

3 930 000

4 740 000

9 451 650 000

11 399 700 000

2 020

5 100 500

9

4 740 000

5 550 000

11 399 700 000

13 347 750 000

2 525

6 375 625

10

5 550 000

 

13 347 750 000

0

3 030

7 650 750

 

** 2019 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш – 2 525 теңге, *2018 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш – 2 405 теңге.

2. Міндетті мүшелік жарна төлеуден «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілер тобы:

1) 50% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысы;

2) 25% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысы босатылсын.

3. Осы шешімнің 2-тармағын жүзеге асыру мақсатында:

1) «тиесілігі» деген ұғым жекеменшік құқығындағы тиесілілікті білдіреді;

2) «жанама түрде тиесілігі» деген ұғым әрбір келесі заңды тұлғаның өзге заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) жекеменшік құқығымен иеленуін білдіреді;

3) нақты бір заңды тұлғаға қатысты осы шешімнің 2-тармағы 1) және
2) тармақшаларында көрсетілген критерийлер сәйкес келген кезде аталған заңды тұлға 25% мөлшеріндегі міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босатылады;

4) міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босату нақты заңды тұлғаға қатысты бір рет қолданылады.

4. Есепті кезеңде қызметкерлердің жалпы санынан мүгедектер саны елу бір пайыздан кем емес санды құрайтын ұйымдар міндетті мүшелік жарналарды төлеуден 100% мөлшерінде босатылсын.

 «ҚР «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңының 19-бабының 12)-тармағына сәйкес «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (2018 жыл 21 маусымдағы №5 хаттама) Съезімен келесі шешімдер қабылданды:

«ҚР «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңының 29-бабы 2 тармағының 1) тармақшасында белгіленген кәсіпкерлік субъектілерін міндетті мүшелік жарнаны төлеуден 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 жылға босатылсын

Еншілес ұйымдар

Серіктестер