«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаулыға Ақтөбе облысының бас санитарлық дәрігері өзгерістер енгізді

2021 жылғы 15 Ақпан
- Ақтөбе облысы
5581 просмотров

Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 13.01.2021 ж. №1 қаулысына келесі өзгерістер енгізілді:

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 20 қосымшасындағы талаптар сақталған кезде мешіттерде толымдылығы 30%-ға дейін, бірақ 100 адамнан аспаған кезде (бес намаз) ұжымдық құдайға құлшылық етуге; қуаты 150 адамға дейін, толымдылығы 25%-дан аспайтын мешіттерде,  ауылдық жерлерде ғана жұма намазына рұқсат берілсін;

-Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 9 қосымшасының талаптарын және толықтырылуы 50% аспайтын театрлардың, кинотеатрлардың, концерттік залдардың қызметіне рұқсат етілсін.

 

Сондай-ақ, қаулыға бірқатар толықтырулар енгізілді:

-Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 46 қосымшасындағы талаптар сақталған кезде  білім  беру ұйымдарындағы, орта және жоғарғы оқу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне  рұқсат етілсін;

-СОО мұз айдындарының қызметіне толымдылығы 50%-дан аспайтын әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін міндетті түрде сақтай отырып рұқсат етілсін.

 

«Ақтөбе облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 13 қаңтарындағы №ПГСВ-1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қаулының толық мәтіні


Еншілес ұйымдар

Серіктестер